көрмелер қордан Музыканың сиқырлы саздары. 2004

Музыканың сиқырлы саздары. 2004

 

2004 жылғы 1 желтоқсанда  мұражай-қорықтың Урицкий (қазір Қ.Қайсенов) көшесі, 67 бойынша ғимаратында мұражай-қорық қорындағы және Өскемен қаласы тұрғындарының жеке коллекцияларынан алынған музыкалық аспаптардың «Музыканың сиқырлы саздары» атты көрмесі ашылды. Көрмеге 130 жәдігер ұсынылса, олардың 58-і музыкалық аспап болды.

Мұражай коллекциясы қала және облыс бойынша сапарларға шыққанда тұрғындардан жинау арқылы қалыптасты, көпшілігін Алматы қаласындағы Орталық Мемлекеттік музей, Корей мәдени орталығы, Әзірбайжан Мәдениет министрлігі сыйлаған болатын.

Коллекцияда қазақ музыкалық аспаптарының саны басым. Көрмеде қазақ музыкалық аспаптарының 7 түрі: домбыралар, қылқобыздар, саз сырнай, шертер, асатаяқ, жетіген, тайтұяқ назарға ұсынылды.

Кавказ және Орта Азия халықтарының тар, кяманча, гавал, дойра, рубоб тәрізді музыкалық аспаптары үлкен қызығушылық туғызды.

Аспаптардың арасында сыртқы пішіні, көлемі мен жасалған материалы жағынан әртүрлі болып келген бірнеше барабаннан тұратын корей халықтық аспаптарының коллекциясы ерекше көзге түсті. Шекті шертпелі музыкалық аспап – каягымның, үрмелі – бамбук  сыбызғы «дансоның» құндылығы зор.

Баршаға белгілі музыкалық аспаптарға ерекше орын берілген болатын. Бұлар –  көне пианино, гитара, мандолина, скрипка, аккордеон, гармонь, балалайка.

Көрмеде фабрика өндірісінен баяғыда алып тасталған бірегей аспап – ХІХ ғасырдың фисгармониясы назарға ұсынылды.

М.Резонтова

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …