• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер қордан Ана мен Сұлулық күніне. 2006

Ана мен Сұлулық күніне. 2006

2006 жылғы 13 сәуірде облыстық этнографиялық мұражай-қорықта (Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы зал) Армения Республикасының мемлекеттік мерекесі – Армения Президентінің 1991 жылғы Жарлығымен  бекітілген Ана мен Сұлулық күніне арналған көрме ашылды. 7 сәуір кездейсоқ таңдалған күн емес, армян шіркеулік күнтізбесі бойынша дәл осы күні Құдай барлық адамдарды Құтқарушы – Құдай ұлы Иисус Христосты дүниеге әкелетіні туралы Мария Қызға қуанышты хабар жеткізу үшін Гавриил архангелді (армянша Хрештак Апет) жіберген екен. Ертеден бері бұл мереке христиандықта Благовещение («жағымды, қуанышты хабар» дегенді білдіреді) деп аталады және 7 сәуір шіркеуде салтанатты қызмет етумен атап өтіледі. Оны Армян Апостол шіркеуі де мерекелейді. Соңғы жылдары католикостың (Армян шіркеуінің Жоғарғы Патриархы) жарлығы бойынша бұл күн Ананы қошеметтеу күні деп жарияланды. Нәрестелі болатын әйелдерге Арменияның барлық христиандық храмдарында 7 сәуір күні бата беріледі.


1991 жылы Армения Тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін жаңа өкімет кеңестік заманмен байланыстының барлығын тарих қоқысына тастау керек деп есептегендіктен 8 наурыз мерекесін «коммунистік режим мұрасы» ретінде алып тастап, 7 сәуірді (христиандық Благовещение мерекесі) Ана мен сұлулық күні деп жариялады. Бірақ көп жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша адамзаттың нәзік бөлігіне Арменияда тек осы күні ғана емес, 8 Наурызда да қошемет көрсеткен. Ал 2000 жылдан бастап Халықаралық әйелдер күні мемлекеттік атаулы күндер тізбесіне тағы да енгізілді. Осылайша әйелдерді Арменияда екі рет – 8 наурызда және 7 сәуірде құттықтайды. Армян ерлері: «Біздің махаббатымызың жомарттығы мен кереметтігі сондай, біз өзіміздің сүйіктілерімізді бір ай бойы – 8 наурыздан 7 сәуірге дейін құттықтаймыз» деп қалжыңдайды екен

7 сәуірде атап өтілетін мерекенің негізіне ана мейірімі идеясы қаланған. Жер бетінде сәбилі болатын әйелден сұлу ештеңе жоқ деп саналады Арменияда ерте заманнан. Сондықтан да армяндардың санасында ұлы да терең екі түсінік – Ана мен Сұлулық біріккен.

Осы мерекеге арналған көрме ішінара мұражай коллекциясынан қалыптастырылған болатын. Жәдігерлердің басқа бөлігін облыстық «Арарат» армян мәдени орталығының төрғасы К.М.Нариманян ұсынды. Көрменің ашылу салтанатында армян мәдени орталығының белсенділері келермендерді мерекелік тамаша концертпен қуантты, оны армян тілінің мұғалімі А.С.Оганнисян, «Арарат» би ұжымының жетекшісі Н.В.Мачульская мен орталықтың шығармашыл жастары ұйымдастырған.


М.А.Алейникова, облыстық этнографиялық

мұражай-қорығының ШҚО халықтары

мен азсанды этнотоптары этнографиясы

бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …