көрмелер қордан Тағдырға айналған ән. 2008

Тағдырға айналған ән. 2008

2008 жылғы 3 желтоқсанда мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша орналасқан залында «Тағдырға айналған ән» атты көрме ашылды, ол КСРО халық артисі, ресей және  әзірбайжан әншісі Муслим Магомедович Магомаевты еске алуға арналды.

Көрменің мақсаты М.Магомаевтың санқырлы шығармашылығы мен өміріндегі ең елеулі оқиғаларды көрсету болып табылды. Осыған орай бүкіл материал: «Баку. Отбасы. Балалық шағы», «Триумф», «Достардың тамаша қасиеттері», «Кино», «Музыка», «Кескіндеме», «Әдебиет», «Сайт» деген бөлімдерге бөліп ұсынылды.

Экспозицияны көптеген түрлі-түсті және ақ-қара фотосуреттер, әншінің қолтаңбалары (ксерокөшірмелер мен түпнұсқалары), М.Магомаевтың әндері жазылған табақтар мен DVD-дискілер және ол туралы фильмдер, концерттерінің бағдарламалары, оның кескіндемелік туындыларының фотосуреттері, сайт бойынша хатжазысулар, оның сайтта қалдырған соңғы хабары, ол жазған кітаптар («Махаббатым менің әуен», «Менің санамдағы естеліктер», «Ұлы Ланцо»), әншімен жүргізілген сұхбаттардың жарияланымдары құрады. Сонымен қатар экспозицияға әнші қатысқан фильмдердің тізімі, оның гастрольдерінің географиясы, әншінің өз репертуарындағы 20 таңдаулы әннің өзі жасаған тізімі, М.Магомаевқа берілген үкімет наградалары мен атақтары енді.

Көрмеге жәдігерлер алынған бірқатар көздер: мұражай-қорықтың қоры, О.М.Тарлыкова мен О.В.Анисимованың жеке мұрағаттары. Қаламыздың тұрғыны, Ақпараттық қолдау қорының кеңесшісі А.Г.Самойлов аса қызық жәдігерлер берді, ол көптеген жылдар бойы әншімен оның дербес сайты арқылы араласыпты, оны М.Магомаев Мәскеуге өзінің 65 жылдық мерейтойына басқа «сайттық» достарымен бірге шақырған көрінеді.

Әншінің өмірбаяндық кітаптарынан алынған үзінділер бүкіл экспозицияға ілестіріліп отырды, бұл оның өзі тікелей қатысып отырғандай әсер етті. Экспозицияға барлығы 119 жәдігер: 71 фотосурет пен 48 зат қойылды.

Экспозиция жұмыс істеп тұрған кезде М.М.Магомаевтың орындауындағы классикалық шығармалар, орыс романстары, эстрадалық және неаполитандық әндер беріліп тұрды, оның концерттік репертуарында 600-ден астам шығармалар болған екен.


М.А.Алейникова

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …