көрмелер республикалық Аман Мұқажанның музей-қорықта өткен «Дала аңызы» атты көрмесі. 2019

Аман Мұқажанның музей-қорықта өткен «Дала аңызы» атты көрмесі. 2019

5 наурыз күні сағат 16.00-де Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратындағы көрме залында қазақстандық белгілі зергер Аман Мұқажанның (Алматы қ.) «Дала аңызы» атты көрмесі ашылды. Аталған іс-шараның сұлулық пен жаңару мерекелері – халықаралық  әйелдер күні мен Наурыз мейрамы қарсаңында өтуі ерекше болды.

Көрмеде автордың тек өзіне ғана тән стильде жасалған 150-ден астам бұйым, атап айтқанда, сақиналар, алқалар мен сырғалар қойылды.  Білезіктер де көп болды. Аталған бұйымдардың авторы Амангелді Мұқажанның сөзіне қарағанда, ол шығармашылығы барысында кесек дүниелерге, монументализмге қол жеткізуге ұмтылады. Мәселен, ол білезік жасау кезінде далалық сарынмен үндесетін ой-толғамдарды көрсетуге тырысады.

Амангелді Мұқажан – «ЮНЕСКО-ның халықаралық Сапа Белгісінің» иегері, республикалық «Шебер» конкурсының бірнеше дүркін жеңімпазы.  Ресейлік әріптестері оның дарының К. Фаберже мемориалдық қорының Үлкен М. Перхин орденімен, «Бас шебер» атағын бере отырып, Ф. Бирмаум орденінің Құрмет белгісімен атап өткен-ді. «Ежелгі шеберлердің жолын қуған Амангелді Мұқажан осылайша ұлттың мәдени кодын сақтап келеді. Ал бұлар түптеп келгенде автордың зиялылығы мен рухани даму үстінде екенін танытса керек» - деп атап өтті көрменің ашылу салтанатында сөз алған  музей-қорықтың өнертанушысы Тамара Быкова.

Жалпы, көпшіліктің пікірінше, аталған көрме әр буын өкілдері – жастар үшін де, үлкендер үшін де қызықты болмақ. Сонымен қатар көрмеге келушілер ол жерден өздерінің жақындары мен туыстарын 8 наурыз және  Наурыз мейрамымен құттықтауға тұрарлық сыйлықтар сатып ала алады. «Дала аңызы» көрмесі ағымдағы жылдың 5 сәуіріне дейін жұмыс істейді.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген Сергей Суров пен Алексей Мазницын.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …