Асыл мұра. 2001

Асыл мұра. 2001 ж., мұражайдың Горький көшесі, 59 мекенжайдағы ғимараты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай дайындалып, безендірілген.

Көрмеге киіз бұйымдар – Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұражайының (Алматы) қорынан алынған сырмақтар мен текеметтердің тамаша коллекциясы, түкті және түксіз кілемдер, қазақ зергерлік бұйымдарының аса бай коллекциясы қойылды. ҚР Ғылымдар Академиясының Ғылыми кітапханасы Құранның ХІХ ғасырдағы – ХХ ғасыр басындағы басылымдарын, олардың ішінде қолжазба түріндегілері де бар, Құранның қазақ, орыс, ағылшын, иран тілдеріндегі аудармаларын, көне қолжазбаларды назарға ұсынды.

Көрменің ашылуына қалалық Орталық мешіттің имамы Ибрагим қажы Қарнақбайұлы бір топ діни қызметкерлермен бірге шақырылды. Имам ашылған көрмені жоғары бағалап, араб тіліндегі Құран мен мешітте 10 жыл бойы қызмет еткенде киген шапанын  мұражайға сыйға тартты.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …