көрмелер республикалық Менің Қазақстаным. 2011

Менің Қазақстаным. 2011

«Менің Қазақстаным» көрмесі Астана қаласының Шығыс Қазақстан облысындағы мәдениет күндері аясында ұйымдастырылған және Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналады.

Астана қаласындағы Қазіргі заман өнері мұражайының жинамасында 3000 мыңнан астам туындылар бар. Мұражай өзінің графикалық керемет жинамасын мақтан тұтады, онда Қазақстан Республикасының халық суретшілері Әбілхан Қастеев пен Евгений Сидоркиннің еңбектері ерекше орын алған. Осы шеберлердің шығармашылығы республикадағы мәдени үрдістерді сипаттайтын маңызды фактор болып отыр. Көрмеге қойылған 25 графикалық сурет көрерменге Қазақстан тарихы мен мәдениетінің кең панорамасын айқара ашады.

Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы, оның өмірі және мәдениетті дамытуға қосқан үлесі қазақстандық, сонымен қатар шетелдік зерттеушілердің қадала қарайтын дүниесіне айналды. Оның туындылары ХХ ғасырдағы Қазақстанның өзіндік бір шежіресі болып табылады. Көрмеде назарға ұсынылған акварельдер негізінде қазақ қоғамының 60-шы жылдардағы дамуын сипаттайтын ортаның өзін дәл сақтап қалған. Суретші қазақ даласында болып жатқан өзгерістерге деген нәзік қарым-қатынасты беру мүмкіндігін паш ететін сюжеттерді іріктей білген. Оның жанрлық еңбектері қазақтардың дәстүрлі түсінігінің идеализмі көрініс тапқан тұтас ұлттық портретке айналды. Шебердің «Шалкөде жазғы жайылым», «Жайлаудағы  автодүкен», «Колхоз даласы» мен басқа акварельдері сюжеттік және пейзаждық бастауларды тең етіп үйлестіруге құрылған. Оларда ойдан шығарылғандық немесе суретшілік қиял жоқ. Тек қана дала тірлігін өмірде қандай болса солай етіп көрсетуге деген ұмтылыс бар. Табиғат аясындағы тұрмыстың бейнеленуі қазақ суретшісі үшін өмірдің өзіндей табиғи сипат алған. Қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың портреті ғажап, терең психологиялық «сәуегейлікке» тұнып тұр. Ол ең алдымен қайратты ұстамдылығымен, реалистік суреттелу күшімен өзіне тәнті етеді.

Қазақстанның ұлттық өнерінің қалыптасуындағы Әбілхан Қастеевтің ролі ерекше. Оның туындыларының құндылығы сезімдердің шынайылығы мен тазалығында, ал ол өзінің бұл қасиетін бүкіл шығармашылық ғұмырында сақтап қалды.

Евгений Сидоркиннің шығармашылығы өз заманынан алда жүргендей. Суретші тарихты генетикалық түйсік деңгейінде сезінетін. Ол уақытпен өзін тең дәржеде ұстайтын және өткеніміз оның қолымен күш алып, әрі бізге түсінікті болатындай жанды екпінге ие болатын. Қазақстанның тарихи мұрасы суретшінің санасында өзінше мән алып, оның графикалық еңбектерінде жоғары шеберлік және зор түйіндеулер деңгейінде айрықша бейнелеушілік мағынаға ие болады. Көрмеде «Сәкен Сейфуллинді оқығанда» атты өмірбаяндық сериялар мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романына салынған иллюстрациялар ерекше орын алып тұр. Суретші Шығысты әспеттеп тұрған жоқ, ол қазақ тарихын сезінді, дәстүрлерін, халық өнерінің табиғатын түсіне білді. Оны еуразиялық көшпенділердің өнерін нағыз жалғастырушы ретінде қабылдауға болады.

Бүгінде осы хас шеберлерге тән өзіндік ерекшелік, дарындылық арқасында біз ұлттық мәдениетіміздің байлығын сезіну мүмкіндігіне иеміз.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …