Елена Го Сун Чиннің сыйқырлы қылқаламы. 2012

Туындылар авторы Елена Го Сун ЧинКөрме талантты шебер, өрнектеп суреттеуші, төрт дүркін қалалық конкурстардың лауреаты, Семей қаласында өткен өңіраралық дәстүрлі халықтық сәндік-қолданбалы өнер конкурс-көрмесінің бас жүлдегері, Астанада өткен  1-ші республикалық «Шебер» конкурсының жеңімпазы Елена Андреевна Го Сун Чиннің шығармашылығымен таныстырады.

Елена Андреевна Го Сун Чин 1964 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Қазіргі кезде  ол Семей қаласының ең көркем жерлерінің бірі Қызыл Кардон мөлтекауданында тұрады және еңбек етеді.

Оның өрнектелген қасықтары, табақшалары және ас үйде қолданатын тақталары, гүлдер мен жемістерге арналған вазалары, салаттарға және қымызға арналған ыдыстар жиынтығы, басқа де өз қолымен безендірген заттары бүгінде әлемнің түпкір-түпкірінде: Англия, Индия, Бельгия және Австралия, АҚШ және тағы басқа да елдерде тұратын сұлулық пен кәсіпқойлықты бағалай білетін көптеген адамдардың үйлеріне сән берген, бағалы өнер туындысы ретінде сақтаулы.

Ол ыдыстарды көңілді украина нақышында қазақ оюларымен өзінің ерекше стилінде өрнектейді, сондай-ақ   оның қолынан шыққан үш түрлі бояуы қанық байқалатын хохломдық өрнектерін жазбай тануға болады.

Гүлдерден, шөптерден өрілетін өсімдік тектес ой-өрнектер және жемістер - суретшінің сүйікті тақырыбы. Қарапайым бұйымдардың өзі шебер суретшінің қолынан шыққанда шынайы өнер туындысына айналып, ерекшелігі мен қайталанбас өрнегі көрер көздің жауын алады.

Мұражайдың көрме залында оның 2012 жыл бойында  жасаған 324 бұйымы қойылды.

Көрермендерді экспозициямен таныстыру
Көрермендерді экспозициямен таныстыру
------------------------------

 

«Аққу» ожауы
Сәндік қант салғыштар, шыны, тұғыр, «Отағасы», «Үй иесі» шөлмектері
Салат салатын  ыдыстар, «Бикеш» шарап құятын ыдыс, «Көгілдір ирис»  құмырасы
Окрошка құятын ыдыстар жиынтығы
Экспозициялық көрмеден көріністер
Экспозициялық көрмеден көріністер
------------------------------
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …