Шығармашылық меридианы. 2013

Меридианы творчества. 2013Меридианы творчества. 20132013 жылғы 1 ақпан

Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 59

«Шығармашылық меридианы» - Николай Васильевич Малютин шығармаларының мерейтойлық жеке көрмесіне суретші шығармашылығының жан-жақтылығын көрсететін 70-тен астам туындылары: кескіндесі, графикасы тамырлы мүсіндері енген.

Н.В. Малютин  1952 жылы  26 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Қаншыбұлақ ауылында туған. Көркем шығармашылықпен жас шағынан айналыса бастаған. Кеңес Армиясы қатарында қызмет етіп келгеннен кейін Өскемен қаласының кәсіпорындарында суретші-безендіруші қызметін атқара жүріп тәжірибелі кемкіндемеші-шеберлерден сабақ алады.

1974 жылы тағдыр Н.В.Малютинді талантты суретші КССРО және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі  Леонид Агейкинмен жолықтырады. Оның кеңесімен 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтының сәулет факультетін табысты тәмамдайды.

Меридианы творчества. 2013Меридианы творчества. 2013

Н.В.Малютин Шығыс Қазақстан Халық шығармашылығы үйінің жұмысына қатысады, облыстық мәдениет бөлімінің жанындағы «Самородок» клубы басшылығының құрамында болады.

Николай Малютиннің есімі біздің өңірден тыс жерлерде де белгілі. Көптеген облыстық, республикалық және бүкілодақтық көрмелерге қатысуы оның таланты мен шеберлігін шыңдай түсті. Николай Васильевич «Соғыс - суретшінің көзімен», «Менің Қазақстаным», «Махаббат, келісім және бейбітшілік», «Шығыс Қазақстанның суретшілері» және т.б. облыстық көрмелеріне қатысты.  Н.В.Малютин өзінің шығармашылық қызметі барысында өзіне жақын жандардың: туыстарының, достарының, әріптестерінің портретті бар ондаған картиналар жазды.

Н.В.Малютиннің жұмыстары жеке коллекционерлердің қолында, оның ішінде шет елдер: Ресей мен Германия азаматтары да бар. Суретші шығармашылық ізденіс пен   өзінің жаңа картиналары үшін тың тақырыптар іздестіру үстінде.

Меридианы творчества. 2013Меридианы творчества. 2013Меридианы творчества. 2013Меридианы творчества. 2013

Меридианы творчества. 2013Меридианы творчества. 2013Меридианы творчества. 2013Меридианы творчества. 2013Меридианы творчества. 2013Меридианы творчества. 2013Меридианы творчества. 2013Меридианы творчества. 2013

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …