Сиқырлы әлем. 2013

Выставка куколВыставка кукол

2013 жылғы 4 мамырда мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы ғимаратта Лариса Куимованың авторлық туындыларның «Сиқырлы әлем» атты көрмесі  өтті. Көрмеге мүсіндік-текстиль техникасында орындалған 49 қуыршақ ұсынылған. Еркін үлгілеу техникасы қуыршаққа қажетті ым-ишарат, дене қимылын жасатуға ыңғайлы. Қуыршақтарды әзірлеуге капрон, мата, синтепон, шарнирлі қаңқа сияқты материалдар пайдаланылған. Әрбір қуыршаққа өзіне ғана тән мінез-құлық беріліп, киім кигізілген.

Л.П. Куимова 1975 жылы 8 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Мариногор селосында дүниеге келді. 1997 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің психология-педагогика факультетін бітірді.

Ата-анасы қыздарының шығармашылық мүмкіндігін үнемі қолдап отырды. Лариса өлең жазды, тігін тікті, ағашты ою ісімен, тоқымамен айналысты. Оның алғашқы ұстазы әжесі болды. Сол кісінің арқасында Лариса Куимованың алғашқы саусақ театры өмірге келді. Ал шұлық-мүсін техникасымен капроннан қуыршақ жасаумен Лариса 2012 жылдан бері әуестене бастаған.

2012 жылдың қыркүйек айында Л.Куимова «Brother» компаниясының қолдауымен «Күзгі марафон» конкурсына қатысып, белсенді қатысқаны және шеберлігі үшін сертификатқа ие болды. Шығыс Қазақстан облысының білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында технология мұғалімдері үшін шұлық-мүсін техникасында капроннан қуыршақ жасау бойынша шеберлік дәрістерін өткізеді.

Л.Куимованың қуыршақ жасаудағы  басты мақсаты – адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаумен қатар шығармашылық шабыт шыңына қол жеткізу.

Заманауи авторлық қуыршақ жеке коллекцияны толықтыру көзіне айналса, әрі таптырмас сыйлық болып табылады.


Выставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка куколВыставка кукол

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …