Қазақстан Алтайы. 2014

Фото Виктора КоржаФото Виктора Коржа2014 жылғы 16 маусымда мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі «Каравелла» көрме орталығында Александр Иванович Коробковтың 70 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстан Алтайы» атты дербес мерейтойлық көрме ашылды.

Суретшінің әр туындысы - оның шығармашылығындағы басты тақырыптардың айқын көрінісі, яғни табиғаттың санқырлы шексіз әлеміне деген махаббаты. Мұның өзі кездейсоқ емес, өйткені Александр Иванович Коробков Алтай өлкесінің Рубцовск қаласында дүниеге келген, ал оның табиғаты сұлулығымен көз тартатын, таңқалдыратын. Александр Иванович 9 жасынан бастап Алтай трактор зауыты жанындағы бейнелеу студиясына барып жүрді, онда 1905 жыл атындағы Мәскеудің көркемөнер училищесінің түлегі, тамаша оқытушы және кескіндемеші В.В.Тихонов сабақ берген болатын. П.П.Беньков атындағы (1969) Ташкент көркемөнер училищесінің кескіндеме  бөлімшесін бітіргеннен кейін, суретші Өскемен қаласына көшіп келеді де, көптеген республикалық, облыстық және қалалық көрмелерге белсене қатысады. 1976 жылы КСРО Суретшілер одағына мүшелікке өтті, ал  қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі болып табылады.

Фото Виктора Коржа

А.И. Коробковтың пейзаждары – Қазақстан жерінің күш-қуаты мен байлығы, туған өлкеміздің тартымды бейнесі мен әсемдігін дәріптеу көрінісін тапқан. Шығыс Қазақстан облысының сұлу да әсем жерлерін полотноға бейнелеуде суретші бейнелердің жиынтығы мен көлемділігіне ұмтылады, бұған қол жеткізе отырып, бояуды өзіне тән сілтей жағу арқылы түстердің толып жатқан дақтарын салыстыра отырып, композицияларының тұтастығын көрсете біледі. Бірқатар пейзаждар айшықтылығы мен көлемінің пластикалық әсемдігі ішкі қозғалыс әсерлілігін, кей уақытта бейне дәлдігін туғызады. Көптеген пейзаждары кең көлемді, ұшар биіктіктен салынған сияқты.

А.И. Коробков – табиғаттан үйренуден жалықпайды. Табиғатты негізге ала отырып, ол өзінше бейнелеп, өзінің өзіндік әлемін жасайды. Осы жерде орыс суретшісі Федор Васильевтің: «Пейзажшылар – бұл табиғаттан үйлесімділікті, тазалық пен киелілікті іздейтін адамдар. Олар еріксізден табиғат табынушыларына айналады» деген сөздері еске түседі. Осы сөздер әлемнің мәңгі де өшпейтін сұлулығын жырлайтын суретші – А.И.Коробковтың шығармашылығына байланысты айтылғандай.

Фото Виктора Коржа

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …