Көктемгі калейдоскоп. 2015

Фотографии Виктора КоржаФотографии Виктора Коржа2015 жылғы 5 наурызда сағат 15.00-де Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының көрме залында ШҚО сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жыл сайын өтетін дәстүрлі көрме-жәрмеңкесі ашылады.  «Көктемгі калейдоскоп»  көрме-жәрмеңкесі халықаралық әйелдер күні - 8 наурызға және Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған.

Экспозицияда Өскемен, Семей қалаларының, Катонқарағай ауданының, Ново-Баженово селосының, Шульба  кентінің шеберлері - 48 қолөнершінің 300-ден астам жәдігері назарға ұсынылды. Көрмеге қатысушылар – сантүрлі салада жұмыс істейтін және әртүрлі жастағы адамдар (шеберлердің ең үлкені – 91 жаста), дегенмен бұл адамдардың бәрін шығармашылық пен әдемілікке деген ынтығушылық біріктірген.

Сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің, техникасы мен жанрының мол болуы көрмеге тән ерекшелік екенін атап өткен жөн.

Ағашты көркем өңдеу бөлімінде ою, айшықты сурет салу, күйдіру техникасында жасалған бұйымдар, сондай-ақ шпон және қайың қабығынан жасалған, қоға мен талдан тоқылған және т.б. заттар назарға ұсынылған. Н.К.Екимов ағаш ою техникасын жан-жақты игергендігін өз жұмыстарында көрсете білген. А.В.Овсянкиннің ағаш түбірінен жасаған  мүсіндері қиялының ерекшелігімен, көркем бейнесімен және әсем үлгісімен көз жауын алады. Го Сун Чин Еленаның токарлық өңдеуден өткізген, айшықты суретті бұйымдары көрмеге сән беріп тұр.

Қызығушылықты оятатын, қазіргі таңда кең қолданысқа ие болған  материалдардың бірі – киіз. Бұл қазақтың дәстүрлі киіз бұйымдары – текемет, сырмақ, бөстек, сонымен қатар сәндік паннолар, бас киімдер, әшекей бұйымдар, кәдесыйлар және ойыншықтар, осылардың бәрі заманауи үрдісте орындалған.

Назар аударарлық туындылардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: С.П.Шупляктың жиі кездесе бермейтін техникада (батик) орындаған сәндік паннолары, сондай-ақ О.Г.Сагачеваның жүгері сабанын қолданып, жасаған аппликациясы, Р.А.Тамбовцеваның – витражы.

Экспозицияның елеулі бөлігін әртүрлі жанрдағы паннолар алып тұр. Олар Украин мәдени орталығының Өскемен қаласындағы Достық үйі жанындағы «Чаровница» үйірмесі шеберлерінің кестелеу техникасында орындаған туындылары.

Бұған қоса әртүрлі интерьерлік қуыршақтар, жұмсақ ойыншықтар, әйелдердің әшекей бұйымдары және т.б. кәдесыйлар көрмеге қойылған. Осылардың бәрі өскемендіктер мен қала қонақтарының көктемгі мерекелік сыйлықтарына  айналуы ғажап емес.

Фотографии Виктора Коржа

Фотографии Виктора Коржа

Көрменің мекенжайы: Қ. Қайсенов көшесі, 67.

Байланыс телефондары: 26-49-02, 26-71-48

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …