Тылсым табиғат тынысы. 2017

12 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы Солжағалық кешенінің Үлкен павильонында Глеб Болботовтың «Тылсым табиғат тынысы» атты сурет-көрмесі ашылады.

Экспозицияға 100-ден астам сурет қойылған. Аталған көрме – автордың бүкіл Шығыс Қазақстан жерін шарлаған төрт жылының жемісі. Оларда табиғат-сұлудың барлық болмысы біздің өңірдің тұтас байлығын, таулардың  дархан далаға қарай көсілетін  асқақтығын, күрең күзден хабар ала келетін қыркүйекте жыл мезгілінің өзгеше күйге енетінін жеткізеді. Фотосуретші өзі көрген нәрсенің барлығын өзгелердің де жүрегіне жеткізуге тырысады. Олар: далалы жердің гүлдері, жарқабақтар, өзендер мен мөлдір бұлақтар, сол бұлақтарлың үстінен төнген ағаштар, кәдімгі ақша бұлттар, қайыңды ормандар, көгалды алқаптағы күнмен шағылысқан үйеңкі жапырақтары мен басқа да көптеген дүниелер. Қас-қағым сәтті асқан жылдамдықпен ұстай алып, нақтылап айтқанда, оның көлеңкелі және жарықты тұстарын композициясын естен шығармай, ерекше сауаттылықпен дөп табу... Сонда болып жатқан оқиғаның көңіл-күйі мен сезімді бейнелейтін кезеңдері нағыз сурет болып шығады.

Глеб Болботов балалар көркемсурет  мектебін бітірген. Облыстық және  республикалық экологиялық-биологиялық және ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысқан. Ресейдің Алтай мемлекеттік аграрлық университетін бітіріп, агроном мамандығын алған. Глеб осы уақытқа дейін  талай-талай экспедицияларда болып, өз суреттеріне сандаған құс пен жануарды арқау етіп келеді. Автордың фотосуреттері Германияның, Румыния мен Ұлыбритания зерттеушілерінің ғылыми және танымдық зерттеулерге толы басылымдарына негіз болуда.

Бүгінгі  көрмеге қойылған фотосуреттер барша көрерменді, оның ішінде экологтар мен биологтарды ерекше қызықтырары сөзсіз. Табиғат сұлулығын көргісі келетіндерді 12 мамыр күні сағат 15.00-де музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Үлкен павильонда ашылатын көрмеге шақырамыз.

 

                                                Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …