көрмелер шеберлердің, коллекционерлердің, суретшілердің көрмелері Белгілі зергердің топтамалары музей-қорықтағы көрмеде. 2019

Белгілі зергердің топтамалары музей-қорықтағы көрмеде. 2019

29 тамыз күні «Алтай» көрме залында белгілі суретші-зергер және коллекционер Сержан Бәшіровтың жеке топтамасынан алынған «Бабалар мұрасы – ұрпақтар қазынасы» атты көрменің ашылуы болды.

Сержан Бәшіров көрме ашылған күні 55 жасқа толды. Ол біздің жерлесіміз, Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында дүниеге келген. Бала күнінде ата-анасымен бірге Алматыға көшіп кеткен. Ал қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Алайда, өзінің туған өлкесі – Шығыс Қазақстанды ешқашан ұмытқан емес. Музей-қорық көп жылдан бері Сержан Мұратұлымен әріптес болып келеді, оның жылдар бойы жинақтаған зергерлік жұмыстары мен Қазақстанның әр қиырынан және басқа елдерден жинастырған қазақтардың ХVIII ғасырдан бергі ұлттық қолданбалы өнерінің ескі бұйымдары соған дәлел бола алады.

Көрменің ашылуында Сержан Бәшіровтың туыстары және Шығыс Қазақстанның қолөнер шеберлері болды. Музей-қорық директорының міндетін атқарушы Евгения Рахматулина көрменің ықшамды, сөйте тұра өте мазмұнды болғанын атап өтті. Онда жәдігерлер қисапсыз көп емес, алайда, ондағылардың әрқайсысының өзіне ғана тән терең тарихы бар.

Көрмеде 170-тен астам нағыз артефактілер қойылды. Атап айтқанда, олар –  Орталық Қазақстаннан әкелінген сүт құятын тері ыдыс – мес (ХІХ ғасыр), Қызылордадан әкелінген тамақ сақтайтын кебеже (1890 ж.), Хорезмнен әкелінген жібек палантин-орамал. Әсіресе, XVIII ғасыр мен ХХ ғасырдың басы аралығындағы күміс әшекейлер, қазақтың ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы  түкті және түксіз кілемдері, әйелдер мен ерлердің белдіктері баға жетпес құндылықтарға жатады. Әрине, Бәшіровтың өз қолынан шыққан зергерлік бұйымдары ойлау тереңдігімен және жоғары көркемдік дәрежеде орындалуымен қызықтырады. Оның еңбектері 2005 жылы ЮНЕСКО-ның «Сапа белгісімен» аталып өтілуінің өзі тегіннен-тегін болмаса керек. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар Қазақстан  астанасындағы Алтын және бағалы металдар музейінде, ал бірқатар жұмысы Мәскеудегі Шығыс халықтары музейінде орын тепкен. Бәшіровтың бұйымдары Варшавадағы Азия және Тынық мұхиты музейінде де сақтаулы.

«Бабалар мұрасы – ұрпақтар қазынасы» көрмесі ағымдағы жылдың желтоқсанына дейін жұмыс істейді.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Алексей Мазницын.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …