көрмелер шеберлердің, коллекционерлердің, суретшілердің көрмелері Шығыс Қазақстан шеберлерінің туындылары. 2021

Шығыс Қазақстан шеберлерінің туындылары. 2021

Жыл сайын музей-қорықта Наурыз мерекесі қарсаңында облыс шеберлерінің қолданбалы өнер көрмесі өтеді. Бұл жолы да халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімі осындай көрмені дайындады.

Облыстың қалалары мен аудандарынан келген шеберлер түрлі материалдардан және әртүрлі техникада дайындалған алуан түрлі бұйымдарды ұсынды. Мұнда ағаштан жасалған қазақтың ұлттық ыдыстары, қазақ, орыс және украин нақышындағы кестеленген бұйымдар (панно, сүлгі, рушниктер, сулықтар, дастархандар), былғарыдан жасалған бұйымдар, шиден жасалған ұлттық бұйымдар (шым ши), тоқылған және алаша, қоржын, сырмақ сияқты  киіз бұйымдар болды.

Сондай-ақ, орыс нақышында қоғадан, қайың қабығынан,  себет талдан жасалған халықтық бұйымдар, ағаштан, шыныдан және тастан безендіріліп жасалған бұйымдар, сүйектен қашалып жасалған бұйымдар, керамикалық кәдесыйлар, сондай-ақ былғары мен майда моншақтан (бисерден) жасалған заманауи әшекейлер бар. Тастан жасалған зергерлік бұйымдар да ұсынылған.

Музей-қорықтың баспасөз қызметіы

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …