Өнерім - өмірім. 2021

Музей-қорықта белгілі сәндік-қолданбалы өнердің кәсіби шебері Бақыт Кеншіліктің «Өнерім – өмірім» атты дербес көрмесі ашылды. Шебер қазақтың ұлттық домбыра, қобыз, шертер, жетіген, даңғыра және басқа да көптеген саз аспаптарын, сондай-ақ,  сандық, асадал, кебеже жасайды.

Шебердің мектепте оқып жүрген кезде жасаған алғашқы саз аспабы  домбыра болса, ал өзінің ең сүйікті аспабы – қобыз. Шебердің дербес  көрмесінде әртүрлі уақыт кезеңінде жасаған 50-ден астам жұмысы қойылған.

Б. Кеңшілік – қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы. 2013, 2016 және 2019 жылдары республикалық «Үкілі домбыра» конкурсына қатысып, дипломға ие болған ол 2010 жылы республикалық «Шебер» конкурсының финалисі атанған.

Бақыт Кеншіліктің жұмыстары Өскемен, Алматы қалалары мен Астанада жеке топтамаларда сақтаулы. Бақыт Кеңшілік – халық дәстүрлерін лайықты жалғастырушы.

Экспозиция М. Горький көшесі, 59 мекенжайында сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.

Байланыс телефоны: 518-383, халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімі

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …