Тірліктегі махаббат пен қуаныш. 2010

2010 жылғы 5 қарашада М.Горький көшесі, 59 мекенжайындағы мұражай-қорық ғимаратында Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, суретші Александр Иванович Коробковтың «Тірліктегі махаббат пен қуаныш» атты көрмесі ашылды.

«Тірліктегі махаббат пен қуаныш» көрмесі  өскемендік суретші,  Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Александр Иванович Коробковтың шығармашылығын назарға ұсынған.

Экспозиция бейнелеу өнерінің санқырлы жанрлары мен түрлеріне жататын  70-тен астам туындылардан: кескіндемеден (пейзаж, натюрморт, портрет), ағаш ою  техникасында жасалған сәндік-қолданбалы бұйымдардан тұрады

Александр Иванович Коробков 1944 жылы Алтай өлкесінің Рубцовка қаласында дүниеге келген. П.П. Беньков атындағы Ташкент көркемсурет училищесінің  кескіндеме бөлімін тәмамдаған (1968 ж). Көптеген республикалық, облыстық және қалалық көрмелерге қатысқан. Кескіндемеші, акварельші, сәндік-қолданбалы өнер шебері. А.И. Коробковтың еңбектері Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі жеке  коллекцияларда, сондай-ақ Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайының (Алматы), Шығыс Қазақстан өнер мұражайы мен Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының  қорларында сақтаулы.















 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …