От жалыны шебінде. 2011

2011 жылғы 3 ақпанда мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы ғимаратында «От жалыны шебінде» көрмесі ашылды.

«От жалыны шебінде» атты көрме И.И.Ильичевтің бірегей коллекциясын назарға ұсынады. Қазақстандағы ең ірі коллекцияны автор ширек ғасырдан астам уақыт бойы жинаған 1000 бұйым: оттан қорғайтын каскалар мен дулығалар, киімдер, белгішелер мен шеврондар, автомобильдердің үлгілері мен галстуктерге арналған қыстырмалар, пошта маркалары мен сіреңке этикетикалары, сантүрлі кәдесыйлар мен басқа да көптеген бүйымдар өртке қарсы күрес тақырыбын ашады және өрт сөндірушілердің ерен еңбегін паш етеді.

Игорь Иванович Ильичев Алтай өлкесінде дүниеге келген, Алматы өрт сөндіру-техникалық училищесін бітірген. Өскемен қаласының № 29 өрт сөндіру бөлімінде 25 жылдан астам уақыт қызмет еткен. Өртке қарсы қызмет полковнигі И.И. Ильичев қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндіру- құтқару спорты құрамасының жаттықтырушысы.

Өртке қарсы күрес тақырыбы әлемнің әр елі үшін өте маңызды. И.Ильичевтің өрт сөндіру ісі жайындағы бұйымдар коллекциясы жер шарының барлық континенттерінен жиналған, олардың ең таңдаулылары көрмеге қойылып, алғаш рет көпшіліктің назарына ұсынылуда.

«От жалыны шебінде» көрмесінің ашылуы. Мұражай-қорық директоры Н.А.Зайцев И.И. Ильичевке Алғыс хат тапсырып тұр. «От жалыны шебінде» экспозициясынан көрініс. 03.02.2011 ж.
И.И. Ильичев «От жалыны шебінде» көрмесінің ашылуына орай сұхбат беруде. 03.02.2011 ж. Жас өрт сөндірушілер «От жалыны шебінде» көрмесінде. 03.02.2011 ж.
«От жалыны шебінде» экспозициясынан көрініс. 03.02.2011 ж. Экспозициядан көрініс. Өрт сөндіруші каскасы. Голландия. ХІХ ғ.
Экспозициядан көрініс. Өрт тақырыпты құлақбастар коллекциясы. «От жалыны шебінде» экспозициясынан көрініс. Өрт сөндіруші каскасы. Жапония. ХХ ғасыр соңы.
Экспозициядан көрініс. Зрт сөндірушілердің шеврондары. Экспозициядан көрініс. Өрт сөндіруші каскасы. Австрия. ХХ ғасырдың ІІ жартысы. .
«От жалыны шебінде» экспозициясынан көрініс. 03.02.2011 ж. «От жалыны шебінде» көрмесінің ашылуы. 03.02.2011 ж.
Экспозициядан көрініс. Өрт сөндіруші каскасы. КСРО. ХХ ғасырдың І жартысы. Экспозициядан көрініс. Өрт сөндіруші каскасы. Германия. ХХ ғасырдың ІІ жартысы.
Экспозициядан көрініс. Сіреңке этикеткаларының коллекциясы. ХХ ғасыр соңы. «От жалыны шебінде» экспозициясынан көрініс. Өрт сөндірушінің дулыға- каскасы. Франция. 2010 ж.
«От жалыны шебінде» экспозициясынан көрініс. 03.02.2011 ж. «От жалыны шебінде» экспозициясынан көрініс. 03.02.2011 ж.
«От жалыны шебінде» экспозициясынан көрініс. Өрт сөндірушінің дулыға- каскасы. Франция. 2010 ж. КСРО және Қазақстан Республикасы өрт сөндірушілерінің наградалары коллекциясының бір бөлігі.
АҚШ өрт сөндірушісінің формасы. 2010 ж. «От жалыны шебінде» экспозициясынан көрініс. 03.02.2011 ж.
«От жалыны шебінде» экспозициясынан көрініс. 03.02.2011 ж. «От жалыны шебінде» экспозициясынан көрініс. Өрт сөндірушінің дулыға- каскасы. Ресей. ХХІ ғ. басы.
И.И. Ильичев пен мұражай-қорық директоры Н.А.Зайцев «От жалыны шебінде» көрмесінде. 03.02.2011 ж. «От жалыны шебінде» экспозициясынан көрініс. Өртсөндіргіш автомобильдердің шағын үлгілері.
Қазақстан Республикасы өрт сөндірушісінің формасы. 2010 ж.
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …