Әлемдер шегінде. 2012

Виктор Шевченконыйң «Әлемдер шегінде» көрмесі мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 мекенжайдағы ғимаратында ашылған болатын.
Өз бойынан суретші дарынын байқап, өнер әлеміне бар болмысымен берілу – сирек бақыт әрі батыл қадам.
Осындай қалау жасаған суретші Виктор Шевченко өзінің алған бағытынан қайтқан емес, өйткені ол үшін шығармашылықпен шұғылдану дегеніңіз ауамен демалу сияқты табиғи құбылыс.

Оның шығармашылық жолы сәулетші кәсібінен басталды. Өскемен құрылыс институтының сәулет факультетінде оқып жүріп, кескіндемемен айналыса бастады. Жас суретшінің алғашқы еңбектері импрессионистердің, кейіннен – сюрреалистердің ықпалымен дүниеге келген. Ал сол кезде жоғарғы курста оқитын талантты студенттер И.Степанищев, А.Глинин, кейіннен – суретшілер Е.Васильев, Н.Аштема оның тәлімгерлеріне айналды. Сүйікті техникасы – акварель, пастель. 1989 жылдан бастап аэрографты қолданып, кеңформатты баспаны пайдаланатын фотоколлажға бет бұрды. 1990-ші жылдардан бері компьютерлік графикамен шұғылдануда. Осы кезеңде ағаштан жасаған алғашқы еңбектері дүниеге келді. Соңғы кездері инсталляция жасауға ұмтылып жүр.
Жылы қиял, бала кездерінде көрген түстері, табиғат жаратылысы, су және ауа құбылыстары мен ертегіде кездесетін тіршілік иелері... Бұлар Виктор Шевченконың туындыларымен танысқан кезде сезінетініңіз. Оның шығармаларындағы шынайылық пен басқа болмыстарды ирреализм ретінде атап өтуге болады. Суретшінің еңбектерінде абстрактілік, ғарыш сарындары мен өзіміздің жер бетіндегі өмірге тән жылылық, таныс дүниелер өзара қабысып жатыр. Кейде оның картиналарында жанрлардың ара жігі ғана емес, сонымен қатар әлемдер шегі, өң мен қиял аралығындағы белгілер жойылып кеткен. Бұл бірмезгілде баршаға таныс дүние әрі шынайылықтан көзге байқала бермейтін өзгешелігі бар әлемнің нақты көрсетілуі. Оның картиналары  өзге кеңістіктік-уақыттық дүниедегі  өмірді еске салғандай, онда суретші нәзік көріністерімен жылт-жылт етіп арбайтын әлемге сүңгіген. Жербетілік пейзаждар табиғаттың бөтенпланеталық өзгеше бейнелеріне ауысып кетеді. Картина шегі ғайып болып, өзінің құпия үнсіздігіне үйіріп әкетеді, басқа әлемдердің құпия сазымен өзіне қарай тартады, арбайды.
Нағыз поэзия мен музыканы сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, Виктор Шевченконың көптеген картиналарын да сипаттап беруге келмейді және олардың болмысы сюжет аясына симайды. Олар поэзиялы және музыкалы болып келген. Оның шығармашылығы джаздағы импровизацияға бара-бар, сол арқылы ол  көрерменмен сырласады. Ол әрбір адамның алдында ашық жол болатынын көрсетуге тырысады, бұл ретте суретші  ештеңені күштеп таңбайды, тек күнделікті күйбеңнен  бір уақыт бас көтеріп, қоршаған дүниеге назар аударуды ұсынады. Көрермен алдына әртүрлі бейнеде шыға отырып, ол өзінің ұмытылмас бейнелерінің арасынан әрқайсымыздың тек өзіне қажет көріністі таба алатынына сенеді.

 

Т.Быкова,
өнертанушы

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …