Жаз туралы естеліктер. 2012

«Жаз туралы естеліктер» көрмесі Өскемен қаласының тұрғыны Андрей Иванович Охотенконың көбелектер коллекциясын назарға ұсынған.

А.И.Охотенко Красноярск өлкесінің Абакан қаласында дүниеге келген. 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласына қоныс аударады, сол жақта махаон-көбелекті бірінші рет көрген екен. Осы оқиға оның көбелектер коллекциясын жинауға түрткі болады.

1982 жылы Андрей Ивановичте «Смена-Символ» фотоаппарты пайда болды. Алғашқы түсірген фотосуреттерінің толғандырғаны соншалықты, ол осы өнерге бар ынтасымен беріліп кетті. Сөйтіп, А.И.Охотенко өз кәсібін фотокамерамен байланыстырды.

Адамдар ежелден көбелектердің сұлулығы мен нәзіктігіне тәнті болған. Қалықтап ұшып жүретін осы бір тіршілік иелері туралы әлем халықтарының барлығында дерлік аңыздар мен мифтер бар. Ата-бабаларымыздың көбелектер туралы түсінігі өмір, жан-дүние, махаббат, бақыт сияқты адам үшін ең маңызды ұғымдармен байланыстырылып келді.

Көрме қыстың қытымыр аязы кезінде от жалынындай ұшқын шашып, келерменнің әрқайсысының жан-дүниесіне жылылық сезімін ұялатады деген сенімдеміз.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …