көрмелер халықаралық Наурыз әлемді шарлауда! 2016

Наурыз әлемді шарлауда! 2016

Наурыз шагает по планете! 2016Наурыз шагает по планете! 2016

14 наурызда сағат 15.00-демұражай-қорықтың Қасым Қайсеновкөшесі, 67  мекенжай бойынша орналасқан ғимаратында «Наурыз әлемді шарлауда!» атты көрме ашылды, бұл көрме  Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.  

Наурыз мейрамы – көктемгі Жаңа жыл мерекесі жер бетіндегі ең көне мейрамдардың бірі болып табылады. Оның атауы парсы тілінен аударғанда «ноу» - жаңа және «роуз» - күн деген екі сөзден тұрады. Бұл  мерекені  ЮНЕСКО адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізген. 21 наурызды БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық Наурыз күні деп жариялап, ол  наурыз айының 21-інен 22-сіне қараған түнде атап өтіледі. Бүгінде бұл күн Қазақстан жерінде тұрып жатқан барлық ұлттардың сүйікті мерекесіне айналып отыр.  

Наурызға арналған осы экспозиция Шығыстың  әртүрлі елдерінде мерекенің қалай атап өтілетіні жайында және бұл күні үстелге міндетті түрде қандай тағамдар қою керектігі туралы сыр шертеді. Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен фотокартиналар болып табылатын жәдігерлердің біраз бөлігі Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінен жеткізіледі, сондай-ақ мұражай қорынан да жәдігерлер көрермендер назарына ұсынылмақ.  

2016 жылдың 10 сәуіріне дейін жұмыс істейтін көрме аясында иран киносының фестивалі өтеді.  Көрермендерге Иран Ислам Республикасының таңдаулы актерлері қатысқан фильмдер көрсетілмек, ол фильмдер субтитрлі болып келген. Сеанстар қойылатын уақытты мына телефон арқылы білуге болады: 26-85-29.  

Көрменің ашылуына Елшілік кеңесшісі  Масуд Шейх Зейнеддин қатысты.

  

Мұражай-қорықтың баспасөз қызметі

 

Алексей Мазнициннің фотосуреттері

 

Наурыз шагает по планете! 2016Наурыз шагает по планете! 2016Наурыз шагает по планете! 2016Наурыз шагает по планете! 2016Наурыз шагает по планете! 2016Наурыз шагает по планете! 2016Наурыз шагает по планете! 2016Наурыз шагает по планете! 2016Наурыз шагает по планете! 2016Наурыз шагает по планете! 2016Наурыз шагает по планете! 2016Наурыз шагает по планете! 2016

 


 

 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …