көрмелер халықаралық Санадан өшпейді... 2021

Санадан өшпейді... 2021

2021 жылдың 20 мамырында Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында этнографиялық музей-қорықта «Ұмай – бабалар мұрасы» атты көрме ашылды. Бұл – Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған және ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын сақтау, Умай құдайының бейнесін Шығыс Қазақстанның ықтимал бренді ретінде бекіту, оның музей қызметі саласындағы бәсекеге қабілеттілігін күшейту және ішкі туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған халықаралық арт-жоба. Жобаның негізінде – мекенжайы Мұзтау болып табылатын түркі халықтарының арғы атасы Ұмай құдайы туралы аңыз жатыр. Бұл құнарлылық құдайы, отбасылық бақыт пен халықтық өркендеудің қорғаушысы. Ұмайдың жарқын бейнесі ата-бабаларымызды қайғы мен қуанышта сүйемелдеп, болашаққа үміт пен сенім ұялатты.

Қазақстан-Швейцария туризм институтының басшысы, жаңа туристік брендті ілгерілетудің бастамашысы Ғалия Өтебекова (Алматыдан), Қазақстан-Корея қоғамдық қорының директоры, суретші Бибігүл Смақова (Алматы), Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының Рухани жаңғыру өңірлік орталығының басшысы Калибар Мұхтарұлы, Катонқарағайдағы «Алтай РАЙ» экотуризм орталығының басшысы Зарина Мастикбаева құттықтау сөздерін сөйледі. Сондай-ақ, Италия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея сияқты алыс шетел суретшілерімен онлайн-кездесу өтті. Іс-шара барлық карантиндік шаралар сақтала отырып өтті, барлық қатысушылар бетперде киді.

 «Ұмай – бабалар мұрасы» көрмесі Қазақстан Республикасының ғана емес, жақын және алыс шетелдердің суретшілерін, сәулетшілерін, зергерлерін, дизайнерлерін, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін біріктірді. Мұнда Өскемендегі Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж, Өскемен және Алматы қалаларындағы балалар көркемөнер мектептері оқушыларының жұмыстары да бар.

Мамандардың пікірінше, бүгінгі таңда ұлттың рухани денсаулығын сақтау үшін әдемі және мейірімді тарихқа, қазақтар өмірінің мәдени және рухани құрамдас бөлігін білдіретін кейіпкерлерге, ғаламшардың барлық адамдарына жақын адами құндылықтарға деген  аса қажеттілік туындады. Жоба жұмыс барысында қалыптасқан серіктестік қатынастардың арқасында музейдің мақсатты аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Бұл әрине санадан өшпейтіндіктің қосымша дәлелі .

Көрмеде Ұмай – адам жанының ең жақсы қасиеттерін, шынайы құндылықтары мен халық дәстүрлерін: Отанға адалдықты сақтау, кәрілікті құрметтеу, еліңде бейбітшілік болуы үшін барлығын жасау сынды Ұлы дала даналығының нышаны екендігін айрықша түсінесің. Аңыз бойынша, Ұмай жүректерге еніп, адамдарды рухтандырып, оларды шынымен бақытты ететін жарық нұр шашады.

«Ұмай – бабалар мұрасы» көрмесі М.Горький, 59 көшесіндегі залдарда орналасқан.  Көрме жаз бойы жұмыс істейді. Келушілер барлық карантиндік шараларды сақтаумен шақырылады.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Сергей Суровтың фотосуреті

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …