көрмелер халықаралық Алтай – махаббатым менің. 2004

Алтай – махаббатым менің. 2004

10 маусым – 7 шілде (Қ.Қайсенов көшесі, 67).

Көрмені Ресей Суретшілер одағының Алтай өлкелік ұйымы ұйымдастырған, ол Қазақстандағы Ресей Жылына арналып, «Алтай өлкесі мәдениетінің күндері» аясында өткізілді. Кәсіби суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылығымен таныстырды. 80-нен астам кескіндемелік, графикалық еңбектер мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары көрсетілді.

Көрмеге 60-тан астам автор – Ресей Суретшілер одағы Алтай ұйымының мүшелері қатысты, бұл ұйым Сібірдің ежелгі шығармашылық ұжымдарының бірі. Негізінен олар орыс реалистік кескіндеме мектебінің дәстүрлерін өз шығармашылығында жалғастырып жүрген барнаулдық, бийскілік, новоалтайскілік суретшілер.


Көрме негізін пейзаж құрады. Суретшілер Алтайдың сұлу табиғаты мен көрінісін өздерінің түйсінуі негізінде түр-түс және бояу арқылы паш етеді. Бұл Л.Цесюлевичтің, В.Зотеевтің, К.Кикотьтің, Ю.Коробейниковтің, Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі М.Будкеев пен басқалардың шығармалары. Портрет жанры басымырақ келген. Шеберлердің бірқатары күрделі жанр – тақырыптық картинаға бет бұрыпты. Көрмеде Ресейдің еңбек сіңірген суретшілері Г.Боруновтың, Н.Хайрулиновтың, В.Терещенконың туындылары көрсетілді.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …