көрмелер халықаралық Поэзия, айтшы, сенің киелі қаламың қайда? 2005

Поэзия, айтшы, сенің киелі қаламың қайда? 2005

2005 жылғы 30 қарашада мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша ғимаратында ұлы поляк ақыны Адам Мицкевичтің өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылды. Көрменің материалдарын Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігі Өскемен қаласының Поляк Мәдени орталығының көмегімен ұсынған болатын.

Адам Мицкевич 1798 жылғы 24 желтоқсанда Польшаның Новогрудок қаласында (қазір Бєларусь Республикасы) кедейленіп қалған шляхтичтің отбасында дүниеге келген.

1819 жылы Вилен университетін тәмамдаған.

1824 жылы романтикалық бағыттағы екі поэтикалық жинағын шығарды.

1824–1828 жылдары поляк патриоттық көтерілістеріне белсенді қатысқаны үшін Ресейге жер аударылды. Одессада, Мәскеуде, Санкт-Петербургте болған төрт жыл ішінде “Дзяды” және “Пан Тадеуш” атты поэмалар, Қырым сонеттерін, “Конрад Валленрод” атты байрондық рухтағы эпикалық поэма, балладалар жазды.

А.Мицкевич өмірінің соңғы 20 жылында публицистикамен шұғылданып, А.Товянскийдің мистикалық сектасының құрамында болды, Франция мен Италияда латын әдебиетінен курс оқыды.

Ауру ақынды ажал 1855 жылғы 26 қарашада Түркияда альп кетті.

Көрмеге А.Мицкевичтің 1957 жылы жарияланған және А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері ілтипатпен ұсынған балладаларының, өлеңдері мен поэмаларының сирек кездесетін басылымдары ұсынылды.

А.Мицкевич шығармашылығына бас июшілер, сондай-ақ поэзия мен нәзік сөз әуесқойлары мұражайдың қорынан алынып, көрмеге қойылған оның орыс және поляк тілдеріндегі әдеби-сын жарияланымдарымен, көркем басылымдарымен танысты.

“Поэзия, айтшы, сенің киелі қаламың қайда?” көрмесі ХІХ ғасырдағы поляк романтик ақындарының жарқыраған шоқжұлдызының ең жарық та біртума жұлдызының өмір жолы кезеңдерінен көрініс берді.

Резонтова М.М.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …