көрмелер халықаралық Үнді шеберлігінің кереметію. 2008

Үнді шеберлігінің кереметію. 2008

2008 жыл, 2 мамыр – 10 маусым (Горький көшесі, 59).

Үндістан вице-президентінің 2008 жылғы сәуір – мамыр айларында Қазақстанға жасаған сапарына байланысты «Мәдениет арқылы достық» бағдарламасы мен Үнді шәйінің Қазақстандағы фестивалі шеңберінде мұражай-қорықта Үндістан елшілігінің Үнді мәдени орталығы ұсынған «Үнді шеберлігінің кереметі» көрмесі (үнді зергерлік бұйымдары – «Калки» фирмасының алтыны мен бриллианттары, сәндік-қолданбалы өнердің қолдан жасалған ағаш, сүйек, тас, латунь бұйымдары, сондай-ақ текстиль (жапқыштар, үйлену тойылық көйлектер, сари) өткізілді.

Көрменің ашылуына «Трайкон эйвиди сейлюшенс» экспорттық компаниясының президенті Ашиш Дубэ мырза мен Қарағанды қаласындағы «Калки» сауда-тұрмыстық кешенінің директоры Тамара Владимировна Колдунова қатысты.

Үндістанның ең танымал бишілерінің бірі Прерана Шримали ханым жетекшілік ететін «Катхак» мәнеріндегі халықтық билер ансамблі мен Үндістандағы белгілі сазгерлермен жұмыс істейтін Падмани Ройдың басқаруындағы музыкалық топ бағдарлама аясында Өскемен және Зырян қалаларында болып, қайырымдылық концерт берді.

Пікірлер кітабынан:

«Тамаша көрме! Шығармашылыққа ынталандырады, шабыттандырады. Оксана мен Евгений Жуковтар. 10.05.2008 ж.»

«Көрмені ұйымдастырушыларға зор алғыс! Сіздердің энтузиазм мен зор жігерлеріңіздің арқасында бізге, қалалықтарға, Үндістанның бір үзігі шағын уақытқа болса да тарту етілді. Сәттілік тілейміз. Алда да табысты болыңыздар. 02.05.08 ж.»

Көрмеге 3700 адам келді. 251 экскурсия өткізілді.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …