көрмелер халықаралық Таулы Алтай шеберлері бұйымдарының «Мәдениеттер ынтымақтастығы» атты көрмесі. 2011

Таулы Алтай шеберлері бұйымдарының «Мәдениеттер ынтымақтастығы» атты көрмесі. 2011

Алтай Республикасы – бұл Ресей Федерациясының көпұлтты таулы аймағы, ол үш іргелес мемлекет – Қытаймен, Монғолиямен және Қазақстанмен шекараласып жатыр.

Таулы Алтайда киізден бұйымдар жасайтын кәсіпшілік дүниеге келіп, міне жиырма жыл бойы осы жерде жұмыс істеуде. Киіз ежелден бері Сібірдің, Орталық және Орта Азияның көптеген халықтары тұрмысының құрамдас бөлігі болып қызмет етті.

Алтайлықтар киізді тұрмыста талай ғасырлар бойы үздіксіз қолданып келеді. Дегенмен қазіргі кезде бұл материал жаңа ғұмырды бастан кешуде. Киізден жасалған экологиялық таза, жылы да әдемі заттар барған сайын көпшілік көңілінен шығуда. Киіз отбасына бақыт қана емес, сонымен қатар әулетке құт-береке сыйлайды деп есептеледі, сондықтан үйлену тойы күні қалыңдыққа киізден жасалған кілем немесе басқа да бұйымдар сыйланады. Киіз бұйымдар сондай-ақ отбасы ошағының тұмары ретінде қызмет етеді.


Саватова О.
Елтаңба (киіз, басу)

Желтковская К.
Пазырық сарындары (киіз)

Экспозициядан Ольга Саватова ісмердің туындыларын көруге болады . Ол киізден Алтай Республикасының Елтаңбасын дайындаған. Елтаңбада аңызда айтылатын алтын қанатты Канн-Керде жануар бейнеленген, оның жоғарғы тұсында – Мұзтау, көк аспан, төменгі тұсында – Катунь және Бия өзендері сағаларымен берілген.

Каламбина Кимовна Желтковская Алтай Республикасының Усть-Кан селосында дүниеге келген. алтайлықтардың халықтық шығармашылығын өте жақсы білетін Серафима Андреевна әжесі  мен атасының қолында оныншы бала болып 14 жасына дейін өскен.

Әжесі Каламбинаны қолөнерге баулып, оның  көрсетуімен тоқу мен тігуді, жүн иіруді, үй және түз жануарларының терісін илеуді үйренді.

Киіз ол үшін бала күнінен таныс та жан дүниесіне жақын материал болды: жүнді жуып, таяқпен сабауды, оны басып, жұмсақ та жылы киіз жасауды үйренді, ал бала кезінде оның үстінде жатып ұйықтауды, ойнауды аса жақсы көретін. Жаңа құрғақтай басу тәсілі (феллтинг) туралы білгеннен кейін, жан-тәнімен соған елтіп кетті. Өзімен жұмыс істеген шебердің шығармашылығына киіз көпқырлылық пен шексіз мүмкіндік сыйлайды. Мәселен табиғи және түрлі-түсті жүнді қолдана отырып, киіз бетіне кезкелген күрделі суретті, пейзаждан бастап, графикалық суретке дейін салуға болады, дейді Каламбина Кимовна.

Желтковскаяның туындылары – панно немесе кілемшелеріне Алтай аңыздары мен мифтері арқау болған: құнарлылық құдайы, тау мен өзен иелері, миф қаһармандары орындауы жөнінен күрделі, бірақ мазмұны бойынша анық та түсінікті және әлемді, ізгілікті, жарықты сезіну қуанышын сыйлайды.

Әйелдердің ұлттық  мәнерде орындалған киімі көрмеде назарға ұсынылған. Осы жерде жүн мен жібек қолданылған заманауи үлгілер де бар.

 


Такина А.
Укок ханшасының киімі

Тадыкина
Азияны алып қашу (киіз)

Жас ісмер Айсұлу Такина түрлі бұйымдар: костюмдер, бас киімдер, шарфтар, жилеттер, пималар, пинеткалар, сондай-ақ «Укок ханшасының» костюмін жасады.

Укок қыраты Алтай Республикасының оңтүстігінде теңіз деңгейінен 2,5 мың метрге таяу биікте орналасқан, Ресей, Қазақстан, Монғолия мен Қытай сияқты төрт мемлекеттің тоғысқан жерінде жатыр. Қатал климаттық-табиғаттық жағдайға қарамастан Укок барлық тарихи кезеңдерде адамдар тұратын мекен болды. Пазырық археологиялық мәдениетінің ежелгі әйелі – «Укок ханшасының» мумиясы табылуына байланысты ол бүкіл дүниежүзіне әйгілі болды. Ол Ақ-Алах қорымының үлкен қорғанындағы табыттан (колода) 1993 жылы табылған, қасына алты жылқы қоса жерленген екен.

Шебер Айдана Тадыкина да киізден жасалған әртүрлі бұйымдарын ұсынған – бұлар «Азияны алып қашу» картинасы , «Пазырық» атты әйел сөмкесі, бас киім мен сөмкеден тұратын жиынтық.

 




Зиновьева О.
Панно «Мульта көлдері» (киіз)

Зиновьева О.,
Аршакян М.
Юбка (киіз)

Ольга Ивановна Зиновьева Якутияда туған, Новосібірде тұрып, оқыған, журналистикамен және режиссурамен шұғылданған, өлең мен проза жазған, сурет салумен әуестенген. Өнерсүйер қауымға ісмер ғажайып еңбектерін: киіз бетіне түсірілген кескіндемесін (10 илл.) және Марина Аршакян шебермен бірлесіп жасаған заманауи киім коллекциясын  ұсынған.

Теріден көркем бұйым өндірушілердің шығармашылық ұмтылыстары авторлық технология – теріге бедер салу (ойма) арқылы жүзеге асырылған. Дайындау технологиясы шеберлердің көпжылғы ізденісінің жемісі болып табылады.

 

 

 



Пакшин А.
Сөмкелер (тері)

Тас қашау шеберханасы ООО
Бедерлеу (тақтатас)

Қолдан жасалған тері бұйымдарды көрмеде А.В.Пакшин шебер ұсынып отыр – ол түрлі үлгідегі сөмкелер, шәркейлер, төлқұжатқа арналған мұқаба, терімен жұрнақталған тасы бар алқа .

Таулы Алтай жеріінің байлығы – асыл тастардан жасалған бұйымдар өндіретін «Камнерезы Алтая» ООО шеберлерінің бұйымдары көрмеге келушілер назарына ұсынылған . Бұлар фирманың көркемдік ұжымы әзірлеп, авторлардың өзіндік мәнерінде жасалған бұйымдар, сондай-ақ тапсырысшылардың тілегі және сызбалары бойынша да дайындайды.

 

 

 



Лихачев
Алқалар (ағаш, былғары, тас)

Урчимаев С., Лихачев Тұмарлар, панно (ағаш, ойма)

Көрмеге олар өңделген тастарды – белоречит, мәрмәр, яшма (сүргіштік және ревневалық), тулит, қызғылт жылантас (уймандық, уралдық), офискальцит, парфир, авантюрин, ақық қойылған. Осы тастардың бәрі сақиналар, алқалар мен тағы басқа әшекейлер жасауға жарамды.

Ағаш оюмен шұғылданатын Урчимаев шебер самырсыннан тұмар, қобдиша, тағам турауға арналған тақтайшалар жасайды. Шебердің өзіндік кәсіпшілік мәнері оймалаушылық өзгешелігімен, ой мағынасымен және материалдың табиғи пластикалық қасиеттерін дайын бұйымда барынша сақтай білуімен ерекшеленеді . Лихачев шебердің ағаштан ойып, таспен сәндеп жасаған тарелка-панносы  көрмеге қойылған. Табиғи екі материал – самырсын мен тас бірін-бірі бір бұйымда керемет толықтырып тұр, сөйтіп полифониялық мән берілген. Тақтатасты бедерлеу техникасында жасалған тас кәдесыйлар  туған өлкеге арналып, «Таулы Алтай» деп аталған.

Киізден қыздарға арналып жасалған түрлі керек-жарақтар: косметичка, есімхатсалғыштар, моншақтар, білезіктер, шарфтар, түйреуіштер, шашұстағыштар, ұялы телефондарға арналған қапшалар да көздің жауын алады.

Бірнеше көрнектерге Таулы Алтайдағы «Кезер» атты шеберхананың жұмыстары қойылған. Алтай тауының шатқалдарында бір кездері тұрған тас батырларды кезерлер деп атаған. Оларды Ү-ҮІІІ ғасырларда Бірінші және Екінші қағанаттар кезінің түркілері ескерткіш ретінде немесе жауынгерлік даңқты ұлықтау үшін қойса керек. Алтай тілінен аударғанда «кезер» қашалған дегенді білдіреді.

 


«Кезер» шеберханасы Кезерлер, тұмарлар, кекпеектер (ағаш, ойма)

«Кезер» шеберханасы Тұмарлар (сүйек)

Сүйек пен самырсыннан ойылған бұйымдар бізді адамзаттың мифологиялық бастауына, кезкелген сәндік элемент жолдау, мән, белгі  болып табылған ежелгі замандарға қайтарғандай.

Әрбір кезерлік тұмарда, бойтұмарда, интерьерлік мүсінде немесе қобыз қабында ізгі ниет, өткеннің өсиеті көрініс тапқандай. Көне символдар, мәңгілік сюжеттер, алтай самырсынының емдік қасиеттері – осының бәрі басты идеяға – өшпейтін ақиқаттарды, өткеннің, қазіргі мен болашақтың арасындағы көпірді жалғастыруды еске салуға жұмыс істейді.

Кезер кәсіпшілігінің самырсыннан хәне самырсын жаңқасынан жасаған барлық бұйымдары – бұл жан дүние, даналық та пәлсапалық ниет заттары. Өйткені әлемде бақыт пен махаббат мол болса, онда өмір сүру жарқын да қуанышты болмақ.

Кекпеек (тұмар) иесін әлеммен оның бірлігі туралы ескертеді. Таулы Алтайдың «Кезер» көркем бұйымдар шеберханасында ата-бабалардың тұмарға сену дәстүрлерін жаңғырту жөніндегі көпжылдық жұмысы осы кекпеектен басталған болатын.

 


«Кезер» шеберханасы Катунчиктер, тұмарлар (ағаш, ойма)

Ерлердің және әйелдердің кекпеектері. Бұл қойдың топай-сүйегі. Ол адамның жан-дүниесінің, ал самырсын «үйшік» – денесінің белгісі ретінде қолданылады. Жан-дүние мен дене өзара бірлік жібімен (әрбір бау) байланысқан. Тұмар дене мен жан-дүниенің үйлесімі мен саулығын сақтауға қызмет еткен. Қалқан мен қамшы – ерлер тұмарындағы символика. Әйелдердікінде – құнарлылық пен нәзіктікті білдіретін өсімдіктік сарын, күн – Өмір қуатын, моншақ – Сенімді  білдіреді.

Балалар кекпеегі. Алтай тауларында қой сүйектері кекпеек деп аталады. Бала дана сақтаушы Бабаның қорғауында жүреді.

Катунчик – жол қорғаушысы. Жүргізуші мүсіншесі қорғаушылық шеңберінің ортасында орналасқан, оның сырт жағын «өрім» – мәңгі тіршілік белгісі қоршап тұр.

Кюнель – аналық тұмары. Кюнель алтай тілінен аударғанда – күн дегенді білдіреді. Күн сәулесі Ана мен Баланы рухани туыстық бақытымен жылытып тұрғандай.

Шағын және үлкен ларлар – үй тұмарлары. Отбасылық сақтаушы-құдайлар – Ларларды кие тұту дәстүрі – Ежелгі Римнен келген. «Сіздің үйді Күн әрдайым нұрландырып тұрсын, Жер берік сақтасын, ал ошақ жылуы иелерін ұзақ уақыт бойы өзінің жанында ұстасын».

 

Самырсын және керамика бұйымдар «Кезер» шеберханасы жиынтығында елеулі орын алған. «Кезер» кәсіпшілігі өзгеше, жаңашыл, бірақ, сөзсіз, нағыз дәстүрлі заттар жасай алды.

Самырсыннан жасалған плакеткалар мен вазондарда және керамикада тек көне сюжеттер ғана емес, тұмар дәстүрі де жаңғырды: өйткені кезкелген бейне өткен заманда әрқашан идеяны, ағынан жарылуды немесе даналықты символикалық түрде білдірген. Сондықтан да біздің ата-бабаларымыз қоршаған заттардан өздеріне қорғаушы мен көмекші тапқан.


Макаренко О. Керамикалық бұйымдар

Семенов Д.
Кіреңкелер, құмыралар мен т.б.(балшық)

Керамика бұйымдарды О.Макаренко шебер ұсынған . Бұлар – алқалар, кәдесыйлар, паннолар, шырағдандар мен басқалар. Д.С.Семеновтың балшықтан жасаған туындылары  – бұлар құмыралар, тарелкалар, тостағандар, кеселер, шырағдандар, кіреңкелер мен хошиістегіштер. Керамика жөніндегі шебер  Макаренко балшықтан жын-сайтандарды қуатын ысқыруықтар, вазалар, кеселер мен кәдесыйлар, окариналар – түрлі үлгілер мен көлемдегі балшық ысқырғыштарды жасайды. Олардан сазды да ұзақ ысқырық шығады және бала сізбен бірге жүргенде де, үйде қалғанда да жын-сайтанды қуатын ысқыруықтар оған сыйлық ретінде аса қажетті зат болмақ.

 

 



Куранакова Н.
Алқалар (тас, ұсақ моншақ, үлбір)

Наталья Николаевна Куранакова тас қашау шеберханасында жұмыс істейді және кәделік, сондай-ақ жартылай асыл тастардан тері, үлбір, керамика, ұсақ моншақ қолдана отырып кәдесыйлар, әйелдердің әшкекейлерін жасайды . Ол Сосновка селосында (Қырғызстан) 1964 жылы дүниеге келген. 1986 жылы Өнер институтын бітірген. Оның еңбектері Ресейдегі, Монғолиядағы, Германиядағы, Қырғызстандағы жеке коллекцияларда сақталуда. Сондай-ақ ол ұсақ моншақтан әшекейлер, түрлі-түсті баулардан мозаика, миниатюралар, тұмарлар мен әулеттік белгілер жасаумен де шұғылданып жүр.


Р.Ш.Мұхамеджанова

 

 



«Ақниет» ансамблі
Горно-Алтайскіден келген қонақтарды музыкалық құттықтауда


Қонақтар, колөнершілер мен қала интеллигенциясы «Мәдениеттер ынтымақтастығы» көрмесінің ашылуында
«В содружестве культур»


Жүргізушілер Р.Мұхамеджанова мен Ж.Жаппарқұл мұражай-қорық директоры Н.А.Зайцевке сөз беріп тұр


«Орион» КЕҰ өкілі мен көрмені ұйымдастырушы Айсура Таханова (ортада) мен Горно-Алтайск қолөнершілері: киізден бұйымдар жасау жөніндегі шебер Айсула Такина (оң жақта) мен киіз бен матадан бұйым тігетін ісмер Марина Аршакян (сол жақта)


Мұражай-қорық директоры Н.А. Зайцев көрмені ұйымдастырушы А.Тахановаға ескерткіш сыйлық тапсырып тұр


Батырдың және Укок ханшасының костюмдері. А.И. Такина
шебер


«Қыз» панносы.
К.К. Желтковская
шебер


«Мәдениеттер ынтымақтастығы» көрмесінен көрініс


«Мәдениеттер ынтымақтастығы» көрмесінен көрініс
-----------------------------------------------------------------------
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …