• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
басылымдар ғылыми қызметкерлердің мақалалары Кумарова Б.М. Шешемнің шешесінен қалған сүлгі еді...

Кумарова Б.М. Шешемнің шешесінен қалған сүлгі еді...

Жуықта облыстық сәлет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорығына жаңа экспонаттар түсті. Оларды Мырзабиева Сания Уалиахиетқызы өткізді. Бұл кісінің есімі көпшілікке белгілі, өйткені Сания Уалиахметқызы 1961 жылдан зейнеткерлікке шыққанша  Өскемен қаласындағы Жамбыл мектеп-интернатында тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет жасаған.

Сания апай, менің татар этнографиясына байланысты заттарды жинап, зерттеп оқып жүргенімді өзінің көршісі Фаткуллина  Наджиба     абыйдың қызы Рашида Худжатқызы арқылы біліпті. Сол кісі арқылы өзінің телефонының  нөмерін беріп, Бақыт менімен хабарласыншы деп сәлем айтып жібереіпті.

Мен телефонды алысымен бірден звонок шалдым. Трубканы Сания апайдың өзі алап, екеуміз берден келетін уақыттқа келістік. Үйіне келгенде менің маңдайымнан сүйіп, төрлет деп –Ия, қалың қалай? Сенің жұмысыңдағы жетістіктеріңді Рашида арқылы естіп жатырмын. Жақсы болыпты. Татарлардың үйін салдыртыпсың, міне соған керек десең менің шешемнің шешесі Ұрқия деген кісіден  қалған бір сүлгі-орамал бар еді. Сосын мынандай төсек жапқышты  кезінде біз Зайсанда тұрғанда өзім жасаған едім. Осыларды жаратсаң алағой –деп маған ұсынды. Мен ризалығымды білдіріп, Сания апай маған енді өзіңіз жөнінде керекті деректерді айтып беріңіз, мен қағазға түсіріп жазып алайын-дедім.

«Мектепте оқып жүргенде мен сіздің татар екендігіңізді білгемін жоқпын»- десем, ақырын күліп, «ол кезде мектеп директорының да әкесінің аты менікімен бірдей болғандықтан, көп айтқым келмеді, ыңғайсыз көрінді,- дейді. Сөтіп, мен  Сания апайдың айтқандарын жазуға кірістім.

«Сания Уалиахметқызы 1928 жылы Ақтөбе облысының Ойыл деген жерінді туыпты. Әкем-Уалиахмет Қажиоллаұлы, шыққан тегі Сібір татарлары болар-деп ойлаймын.   1921 жылы Орынбор жақтан саудагерлермен ілесіп осы Ойылға келеді. Ойыл – ол кезде Орынбор губерниясының жәрмеңке орталығы болыпты. Ал, шешем-Нурания Фаидрахманқызы Гимадиева( 1904-1947ж ж.) ұлты татар, мектептен соң, медбикенің оқуын бітірген. Әкем мен шешем шамасы 1924 жылдары табысып, содан біз өмірге келдік. Көп ұзамай әкем тиф ауруынан қайтыс болады. Шешемнің жұмысы үнемі арлы-берлі, ауылды жерлерде медициналық жәрдем берітұғын  жұмыс  болғандықтан, мен бауырым екуіміз көбінде нағашы жұртымыздың қолында болдық. Кейін, соғыс аяқталған соң, Ойылдағы  он жылдық қазақ мектебін  бітірген соң, шешем маған  «сен енді осында қалғанды қой, оданда Алматыға барып жоғары білім ал»,-деп, алыс сапарға дайындайды.  Соғыстан кейінгі  уақыт болғандықтан, бүкіл халық жоқшылықта өмірсүрген. Алматыға барғанға жаңа киім таба алмаған соң,  шешем жаңа көйлекке  көрпенің астарын сөгіп, содан сәнді көйлек тігіп берді. Добаға толтырып сухар салып берді. Жанымда тағы екі класстас қыздарым бар, бізді ата-аналарымыз  поезға отырғызып салып салды. Ойылдан Алматыға жеткенше орыс тілін білмегендіктен  тәурақ көп қиыншылықтарға ұшырадық.  Ол бір жеке әңгіме, айтпай-ақ қойайын. Сөйтіп, Алматыға келген соң, жолдастарыммен  «Женпи»-ге, яғни қыздар педагогикалық институтына құжаттарымызды өткіздік. Емтиханды жақсы тапсырып, бірге түстік. Бір бөлмеде тұрдық. Біз түскен жылы Женпи-дің екінші жылы еді, сондықтан да әлі  жатахана салынған жоқ болатын. Администрация жер-жерден келген студенттер үшін институттың жанындағы орыс метебінен бір үлкенірек класс бөлмесін сұрап алды да, сонда  тоғыз қыз тұрдық. Төсек орынды да  сұрастрып жинап берді. Нан ол жылдары әркімге карточкамен 150 грамм ғана  беріледі. Күнде кезекпен  сол  тоғыз карточканы жинап алып,  нанға баратынбыз. Тамақ тегін болды, бірақ  өте нашар еді. Сонда таңертең бір стақан қара шәй мен нан, түсте ырымдап бірінші мен екіншіні берген болады да, кешке тағы қара шәй, сосын тұздалған жасыл помидорды ұсақтап турап береді. Карточкамен алатын нан кешке жетпейді. Міне, осылайша студенттік өмір басталып бес жылдың  өте шыққанын байқамай да қалдық. Диплом алған соң,  үй жақта  2-3 жылдай мектепте сабақ берген соң, тұрмысқа шықтым. Жолдасым осы Шығыс Қазақстан облысынан болатын, сондықтан кейін,  1959 жылдары жолдасымның қызмет бабымен   осы жаққа  көшіп келдік.   Ол кісімен  студент кезімізде Алматыда оқып жүргенде  танысып едік. Ол судья мамандығын алған болатын. Жоғары оқу орнын бітірген соң,  біздің Ақтөбе облысына бөлініпті.  Сол тағдыр болуы керек, екуміздің   қайтадан кездесіп табысқанымыз.

Алғаш көшіп келген жылдары біз Зайсан қаласында тұрдық. Кейін, 1961-1962 жылдары жолдасымды тағы Өскеменге ауыстырып, қалаға  көшіп келдік. Мен бірден Жамбыл мектеп- интернатына тарих пәнінің мұғалімі болып орналасып, содан қазір міне зейнеткер болып шыққанымды  өзіңде білерсің. Міне, өмірбаяным осылай, Бақыт», -деді. Ал, енді мына сүлгі  туралы  не айтуға  болады, олармен не істейсіңдер? – деп маған сұрақ қойды.

Мен   оқып білгенімді Сания апайға бұрынғыдай тарих пәнінің сабағында жуап беріп тұрғандай сезінішпен айтып бердім: мұражай қорында сақталған әр экспонат әр уақыттада өз орнын экспозиция көрмелерінен орынын табады.Бұндай татар сүлгілерінің  коллекция жиыны   мұражай қорында 14 ке жетіп отыр.  Қордағы сүлгілермен татар әйелдері үйлерінің қабарғаларын сәндеп ілген екен. Олардың екі жақ шеті қызыл мата жіппен өрнектеген, орысша айтқанда «браное ткачество» деп аталса, татарша «чупләм»-деп аталады. Ою-өрнектері негізінен геометриялық және өрнегі екі жақты болып келеді. Осындай тәсілмен жасалған сүлгілер негізінен 19 ғасырдың екінші жартысында кеңінен тараған екен. Татарлар осындай сүлгілерді бір-біріне сыйға тартқан,  шешесі  қызының жасауына міндетті түрде қосып берген. Тіптен татар халқының жер шаруашылығына арналған ең үлкен мерекелері Сабантой кезіндегі жүргізілген жарыс жеңімпаздарына да,  осындай сүлгілерді сыйға тартыптты», - деп жауап бердім.

Жұмысым біткен соң, Сания апай арғы бөлмеден фотосуреттер алып келді де, мектепте оқыған оқушыларды еске алып  тағы біраз әңгімелестік. Одан кейін ас үйге барып шәй ішіп, Сания апайдың  дәмді істелген шелпегінен дәм таттым.

Сонымен мен Сания апайдың сыйлаған заттарын орап алып, жазып алғандарымды  бір шолып, тағыда зор ризалығымды білдіріп үйіме қайтым. Жолбойы біресе Сания апайды сабақ беріп тұрағаны елестесе, біресе  басқа мұғалімдер мен мектепте оқыған класстастар көз алдыма елестеп үйге қалай жеткенімді білмейде қалыппын.

  

Б.Кумарова –  Этнографиялық мұражайдың бөлім меңгерушісі

Дидар, 2008г. 31 мая

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …