• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
солжағалық кешен
Солжағалық кешен

Солжағалық кешен сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорықтың құрамына енетін нысандардың бірі болып табылады.

2002 жылы Сол жағадағы аумағы 6,7 га оқу комбинаты мұражайға берілді. 2006 жылы тағы да 27 га жер қосымша бөлінді. Мұнда біршама жұмыс атқарылды: 200 КамАз топырақ (1000 тонна), 30 КамАз таужыныс (150 тонна) жеткізілді, 300 түп майқарағай, 50 ағаш (шырша, қайың, шетен) отырғызылды, бұзып алынған екі қалалық үй көшірілді, шеген үйлер тұрғызылды.

2008 жылы Жамбыл атындағы саябақтан хайуанаттар бағы көшірілді.

Ботаникалық бақта: 1500 райхангүл, 2000 қызғалдақ, 170 самырсын, 20 түп долана, 200 түп қараған, 200 түп тал, 50 түп бадамгүл, 50 түп жапон айвасы, 500 түбір лалагүлше, 500 түп құртқашаш, 200 түбір сәлдегүл, 100 алма ағашы отырғызылды.

Солжағалық кешеннің жобасы іске асырылған кезде ашық аспан астындағы мұражайға ағаш, тас сәулетшілігі мен археология ескерткіштері тұрған жерлерінен көшіріп әкелу немесе дәлме-дәл көшірмелерін салу арқылы қалпына келтірілмек, сондай-ақ іс жүзінде кездесетін табиғи ландшафтардың үлгілері (шөлдала, дала, орман, тау) қала ішінде жасалмақ және мәдени ландшафтардың айрықшаланған үлгісі қалыптастырылмақ.


Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …