Қазақстан Республикасындағы тарихи қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығында этноауылда бірнеше этностың этноүйлері, музей-қорығына келушілердің назарына ұсынылған. Татарлардың ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттарының ең бай музей коллекциясы сақтаулы. Оның негізінде "татар үйі", содан кейін этноауылда "татар үйі" ашылды. Бұл этноауылдағы үйлер ішіндегі бұйымдары, өз уақытында ХХғасыр басындағы облыс аумағында өмір сүрген адамдардың күнделікті қолданысында болған. Көптеген бұйымдар Өскемен қаласының ХІХ ғасырдан бергі уақытқа дейін сақталған. Өскемен қаласының тұрғыны атанған, меценаттық қолдау көрсеткен атақты татар өкілдерінің тектерінің ұрпақтары осы Өскемен қаласында тұрады. Атақты саудагерлер Валитовтар, Рафиковтар, Ахтямовтар ХІХ ғасырда ислам дінінің таралуына өз үлестерің қосқан, мешіт салуда, мешіт жанындағы мектептердің ашылуына, мешіттердің жөндеу жұмыстарына қаржылай көмек көрсетіп отырған. Сондай-ақ біздің облысымызда тұрақтап қалған халықтар өкілдерінің шығыс өлкесінің өркендеуіне қосқан үлестерін ризашылықпен айтамыз. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Қазаққа ағайындас, діні мен тілі бір болған этникалық топтардың бір тармағы –татар халқының өкілдері де Қазақстан республикасының өркендеп дамуына өз үлестерің қосуда, X-XIII ғасырларда-ақ, олардың ата-бабалары дала шежіресіңде орын тепкен. Қазақстан даласына татарлардың көшіп келіп, қоныстануы, XVIII ғасырдың екінші жартысында бірқатар себептерге байланысты болған және маңызды сыртқы саяси факторларының бірі: ол 1730 жылдары Кіші және Орта жүздің бір бөлігінің Ресейге қосылуы еді. Сонымен қатар Ресей империясы халықтарының ішіндегі тілі мен діні бір, татар мен башқұрттар жұрты бірден қазақтармен тіл табысып кетті. Этникалық топтардың жалпы шығу тегі мен тілінің жақындығы (татар, башқұрт және қазақ тілдері түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады), қазақтар арасында дәстүрлі нанымдармен бірге, сунниттік ислам дінінің біршама өз әсерің қосты. XVI-XVII ғасырларда қазақ жеріңде ислам дінімен катар жүретін араб әліпбиің ілімінің кең тарауына қазақтардың өзіне туысқан халықтармен араласуы және соның ішінде Еділ татарларымен жасаған сауда-саттық, әлеуметтік-мәдени байланыстары маңызды роль атқарған. [1, 23б.]. Қазақ жеріне жаңа қоныс тепкен татарлар, үй-жайларымен бірге мешіттер мен мешіт жанындағы медіреселердің болуына да аса маңызды көніл бөлген. Татар халқы ресей империясының орыстандыру және христиандық дініне кіргізу саясатына қарсы жасырын іс-қимылы, ол мешіттердің тұрғызылуы еді. Сондықтан да татарлар өздерінің тұрғылықты жерінде мешіт жанындағы медіресе білім орындарының пайда болуына ерекше маңызды екенің жадына сақтап, көршілес қазақ ауылдарына да мешіт жанындағы медіреседе бала оқыту істеріне өз үлестерің қосқан. XIX ғасырдың аяғы мен XX басында қазақ халқы араб оқу-жазумен таныс болуға талпынған және де осы кезеңдегі исламның негіздерің медіреселерде балаларына оқытқан, сонымен қатар ересек адамдардың өздері де мұсылманша білім алуға ниет білдіріп, мешітте болып тұрған. XIX ғасыр ортасында, татар медреселері қазақ даласының барлық ірі қалаларында және татар ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеген. Алғашқы медіресе жанындағы татар мектептері ресми түрде кейінірек тіркелгеніне қарамастан XVIII ғасырда пайда болған. Татар мектептерінде тек татарлар ғана емес, қазақтар да білім алуға ұмтылған., бұған екі ұлттық тілдің жақындығы ықпал етті.
XVIII-XIX ғасырларда татарлар қазақ даласының барлық аумағына қоныстанады. Олардың жалпы саны қазақ даласында 50 000-нан астам адамға жетті. XIX ғасырдың бірінші ширегінде сауда татарлары Шығыс Қазақстан аумағына Өскемен ауданына қоныстана бастады, онда олар Ертістің сол жағалауында бекіністен төмен, меновой ауласының жанында орналасты. 1826 жылы онда 37 татар өмір сүрді. Татар халқының, жинақы тұратын аймақта, өмір салттарының қалыптасып, сақталып қалған ерекшеліктерін шығыс аймағында да өз жалғасын тапқан. Татарлар көшіп келген қазақтың шығысында мешіт салып және арабша жазу-сызуды оқытатын медреселер ашқан, осындай дәстүрдің орыстандыру мен қатар басқа ұлттарды шоқындыру саясатына қарсы өзіндік бір әрекеттері болған. Мешіт жанынан медреселердің салыну себептері туралы М.Мусиннің «Волга впадает в Иртыш» Жоғарғы Ертіс маңына көшіп келген Еділ өзенінің жағалауы татарлар туралы деректі-көркемдік романында баяндалған. Өкінішке орай, қаламыздың тарихының маңызды бір бөлігі саналатын мешіттеріміздің тарихы, оның ғимараттарын салған, тұрғызған, қаражат бөлген кісілер жайлы білетіндеріміз өте аз. Көптеген мешіт ғимараттары, кейбірі уақыт жетіп тозып құласа, көпшілігі кеңес заманында қиратылды, олардың тарихына еш мән берілмеді. Уақыт өтіп, көне көз қариялар дүниеден кетіп жатыр. Аз ғана мешіттеріміздің өзінің тарихын білмейміз, деректер сақталмаған, керек емес деп жоғалтып алдық, мешіттер тарихына мән беріп іздеп жүрген жоқпыз. Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында осындай арабша білім беру ошақтарының бірі, бұл 1830 жылдардың басында салынған ең көне мешіт Троицкий көшесі мен мешіттің тұйық көшесінде орналасқан болатын. Ахмет-Сафа Рангулов мұсылмандық мешіті болды. Мешітте 1837 жылдан бастап медіресе ашылып, ербалалар мен қыз балалардың арабша білім алуына өз үлесін қосқан. Өскемен қаласында орналасқан бүл, мұсылмандық негіздерінің білім ошағы кеңестік үкіметтің дінге қарсы жүргізілген саясатына дейін өз жұмысын атқарып келген. 1926 жылдан бастап кеңестік ресми құжаттарда мұсылмандықтың «антикеңестік мазмұны» турасында тезистер пайда бола бастайды, ал 1927 жылы мәселенің мазмұны «антидіни үгіт-насихат» тұрғысында емес, «кластық еңбекшілерінің жауы» статусына ие болған «исламмен күресу шаралары» тұрғысына ауысады. [1, 26б.]. Кеңестік үкіметінің ислам дініндегі мұсылман қауымына қарсы жүргізген саясаты, Өскемен қаласындағы орналасқан жалғыз, 1860-1861 жылдары татар көпестерінің [4] күшімен салынған мешіт 1934 жылдар белгісіз жағдайда отқа оранып кеткен.[3]. Өскемен қаласында исламның пайда болуы және дамуы тарихы осы діни ғимараттың айналасында өткен. Ғимараттың құрылысына келетін болсақ: Мешіттің құрылыс материалы, Ағаш. Ол ғимараттың құрылымдық шешімі қабағы аршылған бөренелерден тұрғызылған. Мешіт ғимаратымен құрылымдық байланысқан ағаш мұнарасы, жеке тұрған мұнарадан айырмашылығы, табиғи апаттарға, сонын ішінде желдің қатты соғуына төзімділігінде. Мұндай мұнараның салмағы аз және бұл жағдайда ең жақсы шешім, бұл мұнараны қосымша қалың тақтаймен ұстатқыш ретінде бекітілді, бұл оның соққан желдің күшіне беріктігін арттырды. Мешіт ғимараты айналадағы құрылыс нысандарынан өз ерекшелігімен айқындалуы, ол әрине, шатыр төбесіндегі ислам дінінің белгісі, айдың биік орналасуының есебінен ұлғайтылды. Бұл ғимараттың монументалдылығын және мұнараның үйлесімділігін береді. "Мешіт төбесі сегіз бұрышты немесе кейде цилиндрлік мұнарамен біріктірліп жасалып, шатыры биік пиримидалық немесе конустық болған. Мұнара көп жағдайда ғимараттың геометриялық ортасынан тұрғызылған, мұнара екі-үш деңгейлі, шатырда орналасқан муаззин орынымен, ішкі каркастан тұрған. Ағаш мұнара түрлері, әркезде 1.сегіз бұрышты. 2. Цилиндрлік. 3.аралас болып бөлінді. Мұндай мешіттің функционалды схемасы да нақты заңдылықтарға ие болды. Ислам мешіті – діни және мәдени-ағарту мекемесі болғанымен, кейбір ғимаратта екі қабатты болса, бірінші қабатта діни мектеп бөлмелерімен қатар, қызмет көрсету аймағы да ойластырылған, бұл аймақта мешітке қажетті керек-жарақтармен (инвентарь, кітапхана, ) қатар жергілікті көпестердің тауарларына арналған өртке төзімді қоймалар орналасқан. Ғимараттың екінші қабатың – сакральды аймақ (намаз залы, михраб) алып жатты". Мұражай дерек көздерінде қалалық мешіттің молдасы қызметін атқарған XIX ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басына дейін, Габдулгаффар Шамсутдинов болды. Г. Шамсутдинов Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының тумасы 1946 жылдан бастап Орта Азия мен Қазақстанның діни мұсылмандар басқармасының Алматы қаласының діни өкілі қызметіне тағайындалған уақыттан бастап, қазақ жеріндегі діни ағымының өз бетінше дамуының тарихи жолы салынды[5, 31б,]. Ол өз кезегінде Қазан қаласында діни білім алған. Шамсутдинов бұл қызметің – ХХ ғасырдың 50 жылдарына дейін атқарған.қазақстанның ірі мұрағаттарынан осы аумалы-төкпелі заманда ислам дінінде аты тарихта қалған Г. Шамсутдиновтың кеңес үкіметінің қырып-жойған 1927 жылғы дінге қарсы жүргізген саясаты кезіндегі өмір –баяны бізге беймәлім, бірақ біздің ойымызша, Абд-әл-ғаффар бұл қиын жылдарда да, өзі өмірде ұстанған көзқарасына, сеніміне ешқашанда күмән келтірмегеніне толығымен сенеміз,бұған дәлел соғыстан кейінгі жылдарда дін қызметіне орналасуы болды.[].
Шығыс Қазақстан облысының қаласының дүние жүзіне мәлім болған. Семейде орыс этнографы В.Радлов, Н.Абрамовтардың деректеріне сүйенсек, татарлар 1676 жылдары, яғни орыс патшасы А.Михайловичтің тұсында қоныс аудара бастаған. Радлов өзінің 1676 жылдарда жазған жазбаларында «Семей 6000 тұрғыны бар, тұрғындардың үштен бірі орыстар да қалғаны татарлар мен қырғыздар» – дейді. 1882 жылы Семейде халық санағы өтіп, оның қорытындысы бойынша 6647 қазақ, 6322 орыс, 4072 татар тұратындығы жайлы мағлұматтарды архивтер айғақтайды. Татарлардың басым бөлігі қала тарихында саудамен айналысқан. Ағайынды Мусиндер, Рафиков, Хамитов сынды азаматтардың бастамасымен қазіргі екі күмбезді және бір күмбезді мешіттер салынған. Ақ тасты ғимарат ерекше, қатаң формада салынған. Кәдімгі сұр ғимараттармен қоршалып, ол керемет ғажайыптың аралына ұқсас болып келеді. Ғимарат биік емес қоршауының ішінде, қоршауға қақпа арқылы кіреді, қақпа үстінен көрнекті арка жасалып көмкерілген. күмбез және мұнаралардың төбесі ашық аспан түсіне боялып, шатырдың маңдайшасының астындағы салынған қарапайым әшекей көздің жауың алады. Күмбез және мұнаралардың көлеміне сәйкес муаззинге арналған қылтима жасалған.. Мұнаралардың төбесіне күнге шағылысқан күміс түстес айдың бейнесі байқалады.[9, 268б,]. Мешіттің негізгі сыртқы жағы-конус тәрізді биік мұнара және негізгі залдың үстінде орналасқан төмен мұнара. Оның үлкен мұнарасының биіктігі-38 метр, күмбезінің биіктігі-3 метр. Негізгі залда қасиетті Мекке қаласына қарайтын михраб орналасқан. Мешіттің тарихын естеріне түсірген қала тұрғындары, мешіттің астындағы жертөледе бұрын Діни кітапхана болғаның айтып берген екен. Жолшыбай Семей қаласына ат басын бұрған Ш. Уәлиханов бір мұнаралы мешіттің архитектурасына тамсанып, қарындашпен мешіттің суреттің салған. Төбесі қалыпты жабылған. Мешіттің салыну әдісі ұқсас 14 терезеден тұрады, терезенің жоғарғы жағы жарты шеңберлі тіктөртбұрыштысыртқы жағы тас-әшекейлермен жасалған. Мұнарасы доғал, үш есігімен үш табалдырықтан тұратын портальды үй-жайы, екі мұнара алтын түсті аймен аяқталады. Портальдың есіктерімен бұрыштары жарты бағанамен және капительмен толықтырылған. Мешіттің кіші күмбезің сурет бойынша қайталайтын есіктерінің жоғарғы жақтары жартылай күмбез тәріздес, әйнектер орналасқан. Портальді бөліктің, негізгі мешіт залының бұрыштарында, бой көтерген екі мұнара, ғимарат экстерьерінде анық роль атқарады. Мұнараның жоғарғы қабаттарына көтерілетін, есіктер мен басқыштар, мешіттің негізгі залымен байланысқан. Айдың бейнесімен безендірілген күмбез, жебеге ұқсас терезелермен көмкерілген. Мешіт ғимаратын рельфтік белдеулерімен қапталғаны, ерекше көрініс береді, қоршаудың іргетасы, кірпіш бағаналарымен және ағаштан көтерілген. Мешіттің құрылысы, әртүрлі көлемді бөліктерден тұрады: 1. Кіреберісімен порталды бөлме 2.аралық бөлме 3.михрабпен негізгі бөлме. Мешіт қабырғасы қашалған тастар жиынтығымен және доға тәрізді ернеулерімен көптеп әшекейленіп, ақ-жасыл бояуларымен көрсетілген. Негізгі бөлік күмбезді төбесімен аяқталған. Декоративті торкөздерімен тартылған ықщамды мұнаралар қосымша әшекей ретінде қабылданады. Ескерткішті жалпылай қабылдауда, мешіт коршауы өзіндік әсемділігін береді: кірпіш бағаналарымен өрнектеліп, кішігірім карнизбен және төрт қырлы жабынмен аяқталған. Қазіргі уақытта мешіт мұсылмандық тәртіпте ас-жоралғысы атқарылатын асхана ретінде колданылады. Ерте кездерде ғимарат алаңында салынған кұрылыс нысандары, Семей қаласының керемет мешіттердің бірі болып табылатын бір мұнаралы мешіттің, ескерткіш мазмұнында толық қабылдауына кедергі жасайды.
Шығыс өңіріне көшіп келген татар халқыының өкілдері, Өскемен, Семей қалаларына ғана тұрақтамай, Жеменей өзенінің сол жағалауындағы 1864 жылдан Зайсан деп аталған өңірге келіп орныға бастаған. Зайсанда қазақтар, орыстар және татарлар тұрған. 1887 жылғы ресми деректерде, бұл жерде діни сенім бойынша: 2017 христиан, 6 католик, 1 протестант, 10 еврей және 470 мұсылман тіркелген. XIX ғасырдың аяғына қарай қалада бірнеше өнеркәсіптер дами бастаған: сабын дайындау, тері илеу, сыра қайнату заводтары. Кытаймен шекарада кедендік бекетін ашылумен зайсандық саудагерлер Батыс Қытай және Монғолия елдерімен сауда жасауға мүмкіндік туған. Олар ірі көлемде мал,тері, жүн кіргізіп, қарама-қарсы жақтан мануфактура, ыдыс –аяқ пен чай өнімдерің тасмалдағвн. Зайсан саудагерлері өз үйлері мен сауда дүкендерін, сол заман архитектурасы талабымен кірпіштен тұрғызған. Құрылыс нысандары татар саудагерлерінің дүниесі болған: Бекшентаев С,. Мергенбаев С,. Манапов И,. Және т.б. Зайсан қаласындағы отызға жуық ғимараттарды халық арасыннан шыққан құрылыс шебері Б. Сатпаев (ХІХ ғасырдың 60 жылдары дүниеге келіп, ХХ ғасырдың 50 жылдары дүниеден қайтқан) салған. Семей облысының тумасы Баязит жасөспірім жасынан Семей қаласының құрылысына өз үлесін қосып үлгірген. Баязит құрылыстың әліпбиің түрік шебері Абдулла әпендіден оқып үйренген [8]. Зайсан мешіті Сатпаев Б. Ең ірі, көлемді құрылыстарының бірі болып танылған. Мешіттің іргетасы 1908 жылы қаланған, бұл бір қабатты кірпіштен соғылған. Мешіт көлемі үш бөліктен тұрған: шариғаттың негіздері атқарылатын бөлме, орталық және әкімшілік жайларынан тұрған. Ғимарат көп жоспарлы, ірі бөлшектенуімен қатар, оның шағын бөліктерге, кірпішті шығынқылау етіп жинау, жауырындықтар мен кертпіштерге бөлінуі қасбеттерге пластикалық сипат беріп тұр. Терезе ойықтары тік төрт бұрыш формалы, олардың жоғарғы бөліктері әрлеушілік және рәміздік сипаты бар элементтермен безендірілген. Кеңес үкіметі орнатылған жылдары, дінге қарсы саясаттың қарқынды күшінің әсерінен мешіт ғимараты жабылып, 1920 жылдары «Жауынгер құдайсыздар одағының» белсенділері ғимараттың басты бөлшегі-биік, аспанмен таласқан мұнарасын қиратуға ұшыратқан. 1950 жылдары ғимаратта қазак театры орналасқан. 1959 жылы мешіт күмбезі өртке оранып жанып кеткен. Осындай сәулеттік әдістерді Семей қаласындағы бір және екі мұнаралы мешіттерден де кездестіруге болады. Кейінгі уақытта ғимаратты жөндеу жүргізілген. Жөндеу жұмыстары кезінде, ертеде жоғалтылған мешіт бөлщектері қалыпына қайтарылмаған. [6]. ХХғасырдың басындағы Шығыс Қазақстан өңіріндегі бірденбір ескерткіштері сапынан, ерекше орын алатын ескеркіш, бүл Зайсан қаласының татар мешіті екеніне ешкім де күмән келтірмесі белгілі. Ескерткіштер қашанда ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралауға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Ескерткіш мұралары көне тарихтың куәсі. Олай болса, оларды насихаттау әрбір азаматтың парызы, сонымен қатар қамқорлығы болмақ. Қортындылай келе, ұлттық сана-сезімді қалытастыруға үлес қосу іс-шараларын, ұрпаққа рухани тәрбие беруде, дәстүрлі құндылықтарымызды діни білімімен толықтыру, имандылыққа үйретуде маңыздылығы бар, көнекөз тарихи ескерткіштерді, жәдігерлерді зерттеу арқылы келешек ұрпаққа мұра қылып қалдыру, ол біздердің міндетіміз екенін жадымыздан шығармау керек.
Әдебиеттер тізімі:
- Е. Онғаров. «Қазақ мәдениеті және ислаи құндылықтары» Алматы. «Көкжиек» баспасы, 2014,-272 бет.
- Сақ Қ. «Алаш көсемсөзі: Дін мәселесі.» Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014. 400 б.
- Мемлекеттік Шығыс Қазақстан облыстық мұрағат. Ф-1,. Опись-1,. Д-95,. Л- 9.
- Мемлекеттік Шығыс Қазақстан облыстық мұрағат. Ф-1,. Опись-1,. Д-95,. Л- 10.
- Татары на востоке Казахстана. г. Усть-Каменогорск. 2008. «Полиграфика» 200 бет.
- ШҚО сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі. Өскемен. 2005. 231 бет.
- Б. Кумарова. Татарсакя мечеть города Зайсан. // Мир Евразии. Горно-Алтайский государственный университет. № 1.2013ж. 80 б.
- П. Сушко. Наследие Баязита Сатпаева. Рудный Алтай. № 125-126 5 октябрь. 1996г.
- М. Мусин. «Волга впадает в Иртыш». Усть-Каменогорск.2003г.
- Димнура Булатова. «Люди реки». Алматы. 2006г.
Шамшиев М.З. – музей-қорығының этнологі
Жарияланды: II Есік оқулары: «Еуразия далалық белдеуіндегі мемлекеттіліктің пайда болуы мен дамуы: алғышарттары, кезендері, салдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция материалдар жинағы», Алматы: Қазақ университеті, 2021. - 284 б.
< Prev | Next > |
---|