• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size

Серік Құсанбаев

Әсемпаз  болма  әр неге,

Өнерпаз  болсаң  арқалан.

Сен де  бір  кірпіш дүниеге,

Кетігін  тап та,  бар қалан!

Абай.

Өмірге  өнерлі  болып  келу жарты  бақыт  болса, сол  өнеріңді  дүйім  жұртқа  мойындата  білу, дүниенің  бүтін  кірпіші  болып,  кетігін  тауып  қалана  білу  нағыз  бақыт  болар.

Өскемен  қаласындағы қылқалам  өнерін  бағалай  білетін, санасының  саңлауы  бар  жұртшылық  осындай  бақытты  жандардың  бірімен  жүздесіп, оның  қолынан  шыққан  ғажап  туындылырмен  етене  танысуға  мүмкіндік  алды.

Нақтырақ  айтар  болсақ, науырыз  айының 20 сы  күні  Шығыс Қазақстан  облысының  мәдениет  басқармасы мен облыстық  сәулет- этнографиялық және  табиғи- ландшафтық  мұражай  қорығы  омбылық  талантты  суретші  Амангелді  Шакеновтың  «Туған  жер  әуендері» атты  шығармашылық  көрмесін  ұйымдастырды. Көрмеде  суретшінің  кескіндеме  техникасымен  жасалған  60-тан  астам  туындылары: натюрморт, портрет,  пейзаждары  ұсынылды.  Көрмеге  келушілер  қылқалам  шеберінің  шығармаларымен,  жеке  өмірбаянымен, жанұясымен  де  танысып, түрлі  тақырыптарды  қа-мтыған  сауалдарына  салихалы  жауаптар  алды.

Шығыс  Қазақстан  облысына шығармашылық  сапармен  келген  өнерпаз қандасымыз  облыстық  әкімшілік  назарынан  да тыс қалған  жоқ. Мұражайға жиналған  жұртшылықтың  алдында  сөз  алған  облыс  әкімінің  орынбпсары  А. Тәженов  шебердің  қолынан  шыққан  сырға  толы  туынды-ларына   ерекше  тоқтала  келіп, ресейлік  қандасымыздың  Ұлыс  мерекесі  наурыз  қарсаңында келіп  жатқан  сапарына  сәттілік  тілеп, көпшілікті  алдағы  көктем  мерекесімен  құттықтады.

Мұражайдың  бірнеше  бөлмесінен  орын  алып, әр түрлі  тақырыптарды  қамтыған  суретшінің  картиналары  көрермендерді  тамсандырғаны  жа-сырын  емес  еді. Дала  мен  қала  өміріндегі  қилы-қилы  құбылыстарды  қамтыған  сырға  толы суреттердің  тарихына  қысқаша  тоқталған  Амангелді  Абдрахманұлы  өзінің  осы  бір  ғажайып  өнерге  қалай  келгені жайында, сурет  өнерінің  өзіндік  қыры мен  сырлары жәйлы  тартымды да  тағлымды  әңгімелеп  берді.

Біз  сурет  әлемінде өз  өнерін  мыңдаған  сыншылар мен көрермендерге  мойындата білген Шәкенов  шығармаларында  қазақтың  байтақ  даласына, оның  тауы  мен тасына, өзендері  мен  көлдеріне  деген  перезенттік  сүйіс-пеншілік,  құштарлық  пен  мақтаныш, қала берді  сарғайған  сағыныш  саздарының  айқын  көрініс  тапқанына  куә  болдық.

Көрме   авторының    өмірбаянына  қысқаша  тоқталар  болсақ, 1943 жылдың  шілде  айында  Ресейдің  Омбы  облысына  қарасты  Шүкіт  ауылы-нда  дүниеге  келген.

1970 жылы  М . Горький атындағы  Омбы  мемлекеттік педагогикалық  институтының  көркем- графикалық факультетін  тамамдап, сол институттың  өзі оқыған  факультетіндегі  кескіндеме  кафедрасына  ұстаздық  етуді таңдайды.  Кейіннен  сол  жерде 15 жыл  декандық  қызмет  атқарған  көрінеді.  Ғылыми  дәрежесі  доцент.  РФ-ның мәдениетіне  еңбек  сіңірген  қайраткер. 1976 жылдан Ресей  Суретшілер  одағы Омбы ұйымы өлімшесінің  мүшесі, ал, 2000 жылдан  Омбы ұйымы  басқармасының  төрағасы. Зайыбы  Қайыргелді  Қанапышқызы да  педагог. Ресей  Білім  минстірлігі саласының  қызметкері  екен. Үлкен  қыздары  Динара  қызмет  бабымен  Германия да  тұрып  жатса, кенжелері  Жәмила  мектеп  оқушысы. Шығыс Қазақстанның  әсем  табиғаты мен  қонақжай  халқын  көріп, танысу  мақсатында  осы  жолы ата- анасына  ере  келген  көрінеді.  «Әзірге  әке  жолын  қумаса да,  сурет  салуға  бейімі  бар», -дейді  Амангелді  ағамыз.

Көрмеге  жиналған  журналистер  тарапынан  қойылған  сан-  алуан  сұрақтардың  қатарында,  «шығармашылық  сапарыңызда Шығыс азақстанды  таңдауыңызға не себеп болды?» деген  сауалға, өткен  жылы  әлем қазақтары   қауымдастығының    15  жылдық  тойына  барғанымда, шығысқазақстандық  біраз  азаматтармен  танысудың  сәті  түскен  болатын. Менің  туындыларыма  көңлі  толса керек,  «Әбеке, Біздің  Шығыстада  мұндай  ғажап  дүниелерді  көріп, бағалай  білетін  қауым  бар,  мүмкіндік  болса Алтайға  да  ат  басын тіремейсізбе?»,- деген  еді. Сол  ұсыныс  әкімшілік  тарапынан , нақтырақ  айтсам,  Шығыс Қазақстан  облысының  әкімі  Жәнібек  Сәлімұлы Кәрібжанов  мырзаның  қолдауы  мен  сәті  түсіп бүгін  міне , сіздермен  қауышып, пікірлесуге  мүмкіндік  туды,- дейді,  суретші  ағамыз  ағынан  жарылып .

Атажұртқа   деген  жылдар  бойғы  сағынышын  арқалай  келген  өнер  майталманына   арнаған  сөзінде облыс  әкімінің орынбасары  Амангелді Едірісұлы  Шығыстың  шырайлы  табиғатына  ерекше  тоқтала  келе, «Біз  шығысқазақстандықтар  қасиетті  Алтайдың  әсем  де  ғажап  табиғаты болашақта  сіздің  шығармаларыңызға  арқау  болады  деп  сенеміз», -деген  болатын. Сондықтан   күндердің   күнінде  суретші   Амангелді Әбдірахманұлының  туындаларының  арасынан  Алтайдың  асқақ  келбетін  көріп  жатсақ, таңданбауымыз  керек.

Біз  бойындағы  тума  талантымен  мыңдаған  адамдардың  жүрегіне  жол  таба  біліп,  жат  елде  жүрсе де  еңсесін  түсіріп,  жалауын  жықпаған, өнерпаз  жерлесімізге  сүйсіне  қарап,  іштей  мақтаныш  сезіміне  бөлендік.

Қайда  жүрсеңіз де , абройлы  болыңыз  абзал  аға!

Серік  Құсанбаев

«Дидар» газеті № 36, 2008  жыл 22 наурыз.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …