«Жастар» демалыс саябағының орталық аллеясында 7 маусымдағы жексенбі күні көңілді ән қалықтап, сәнді өрнектер түрлі-түсті бояуларымен жарқырады: өскемендіктерге Троица қонаққа келді.
Осынау бір көңілді православиелік мерекені жыл сайын ұйымдастырушылар – ШҚ облыстық сәулет-этнографиялық мұражай-қорығының қызметкерлері халықтық троицалық серуендерді осы жолы да өте ұқыптылықпен және білгірлікпен ұйымдастыра білді. Мерекедегі басты көрініс – қайыңға қошемет көрсетуге Өскеменнің шығармашылық ұжымдары «Бастеньки», «Прялица», «Злата», «Весняночка», Черемшанкадан келген «Кержачки», Предгорноенің «Товаркилері» және Шығыс Қазақстан қалалары мен селоларының басқа да фольклорлық ансамбльдері жиналды. Осы салтанаттың түрлі-түсті атлас ленталармен безендірілген «басты кейіпкерінің» өзі болса елдің бәрі көретіндей құрметті орында өзінің жалтылдаған зұмреттей ұсақ жапырақтарымен қымсына дірілдейді. Оның құрметіне әндер шырқалып, хороводтармен әспеттелді, оның айналасына көптеген көрермендерді қатыстыра отырып би биленіп, әзіл ойындар ойналды. Қошемет шеруі қайыңды Ертіс жағасына шығарып салумен аяқталды, онда ежелгі халықтық дәстүр бойынша Троицаның ақбалтырлы атрибуты суға түсірілді, ал онымен бірге қайың бұтақтарынан өрілген ондаған тәж жүзіп кетті – бұл қыздарға сәттілік пен ұзақ бақыт әкелсін деген тілек.
Троица туралы сөз қозғағанда біздің қаланың өмірінде осы мерекеге байланысты болған оқиғаны назардан қалдыруға болмас. Қазақстан Республикасындағы алғашқы православиелік Свято-Троицалық ерлер монастыріне 11 маусымда 16 жыл толады.
Троицаны еске алудың тағы да бір себебі – Өскемен қаласындағы ең бірінші тас ғимарат – сәулет ескерткішіне айналған Свято-Троица храмына 26 маусымда 200 жыл толады.
Владимир Щеглов
«Алма ВК» газеті
< Prev | Next > |
---|