• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
көрмелер қордан Абай және абайтанушылар: М.О.Әуезов, Қ.Мұхамедханов. 2012

Абай және абайтанушылар: М.О.Әуезов, Қ.Мұхамедханов. 2012

Фрагменты выставки «Абай и абаеведы: М.О.Ауэзов, К.Мухамедханов»Фрагменты выставки «Абай и абаеведы: М.О.Ауэзов, К.Мухамедханов»«Жастар» саябағындағы этнографиялық ауылда орналасқан қазақ жазушыларының павильонында «Абай және абайтанушылар: М.О.Әуезов, Қ.Мұхамедханов» атты жаңа  көрме ашылды. Ол Мұхтар Әуезовтің туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Көрме материалдары қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың, ақын шығармашылығын зерттеушілер Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановтың өмір жолдары мен шығармашылықтарынан хабардар етеді. Олардың барлығы Шығыс Қазақстан жерінде өмірге келген және біздің –  мақтанышымыз.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (18451945) – қазақтың ұлы классигі, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ойшыл, ағартушы, композитор.

Келермендер назарына Абай өлеңдерінің жинақтары мен қарасөздері және ән шығармашылығындағы туындылары қойылған. Экспонаттардың ішінде бірегейі – Абай шығармаларының латын қарпіндегі екі жинағы, оларды Мұхтар Әуезов баспаға әзірлеген:

- Таңдамалы шығармалар. Өлеңдер жинағы. Алматы қ. Қазақ көркем әдебиет баспасы, 1936 ж.

- Толық шығармалар жинағы. ІІ том. Алматы қ., 1940 ж.

Фрагменты выставки «Абай и абаеведы: М.О.Ауэзов, К.Мухамедханов»

Соңғы жинақ Мұхтар Әуезовтің жазған алғысөзімен де құнды, онда Абайдың өмірбаяны баяндалған және ақын шығармаларына талдау жасалған.

Көркем туындылардан – Абайдың портреттері: өскемендік суретші З.С.Назыров салған Абайдың көркем портреті, лениногорлық суретші Ю.Г.Хабаровтың Абайдың отбасы мүшелерін бейнелеген акварель туындыларының репродукциялары мен М.С.Малееваның кестесі. Абай өміріндегі діни аспектіні ислам заттары бейнелейді: құран, дұға мен таспиық.

Танымал қазақстандық абайтанушылар әлем әдебиетінің жетістігі болып табылатын Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеген: М.Әуезов, Қ.Мұхамедханов, Р.Нұрғалиев, З.Ахметов, Л.М.Әуезова, Б.З.Ерзакович, Г.Бейсенова, Б.Байғалиев, С.Оразалинов, К.Оразалин; М.Мырзахметұлы, М.Сильченко және т.б.

Бүгін біз олардың ішіндегі өзіміздің мықты жазушы-жерлестерімізбен таныстырамыз. Олар: Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедханов.

Мұхтар Әуезов (1897-1961) – қазақ әдебиетінің классигі, драматург, көрнекті абайтанушы, публицист, ғалым. Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957), Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессоры. І дәрежелі КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1949), Лениндік сыйлықтың (1959) иегері.

Көрмеде жазушы шығармашылығының ең биік шыңы болып табылатын «Абай жолы» роман-эпопеясы, 1958 жылы шыққан  «Қазақ поэзиясының антологиясы», онда Мұхтар Әуезовтің кіріспе мақаласымен (Т. Әлімқұлов бірлесіп жазған) және «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырынан (1936 жылы Жанақ ақын жырлаған нұсқасын Мұхтар Әуезов жариялаған) үзінді берілген, сондай-ақ, мүсінші В.А.Рогайшис пен суретші Ә.Ә.Бұхарбаевтың жұмыстары қойылған.

Қайым (Ғабдулқайым) Мұхамедханов (1916-2004) – жазушы, драматург, әдебиетші-абайтанушы, аудармашы, КСРО және ҚР Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты (1950), Мемлекеттік (1996), Қазақстан Журналистер одағы (1995), Абай (1996), „Алаш” (1996) сыйлықтарының лауреаты. Семейдің (1987), Абай (1995) және Жаңасемей аудандарының „Құрметті азаматы”.

Көрменің бұл бөлімі қор коллекцияларының, сондай-ақ Қайым Мұхамедханов балаларының және  Қайым Мұхамедхановтың қызы – Дина Мұхамедхан директоры болып табылатын «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қорының мұражай-қорыққа сыйға берген экспонаттары негізінде  әзірленген.

Көрме 2010 жылдың маусым-қазан айларында жұмыс істейді.

Тапсырыстар қабылданатын телефондар: 26-82-97, 26-85-29

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …