Оңтүстік Батыс Алтай аумағындағы омарта шаруашылығы XVIII ғасырдың ортасынан бері дами бастады. Бұған өлкемізде балды шөптер мен бұталардың мол өсуі себеп болды. Бал, сондай-ақ ара шаруашылығының басқа да өнімдері аймағымыздан тыс жерлерге де кеңінен танымал болып, атағы шықты. Көрмедегі ара шаруашылығының дамуынан мағлұмат беретін заттар, яғни көне және заманауи еңбек құралдары, мүкәмал мен омарташы киімі мұражай қорынан алынған, сондай-ақ «Пасека» шаруа қожалығы мен Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығының ҒЗИ берген бұйымдар назарға ұсынылған.
Экспозициядағы жиһаздық сахналар омартаның құрылымы туралы, атап айтқанда, «постанов» пен ара үйшігі жайында түсінік береді. «Постанов» – ара ұялары тұратын жер, оған мал кірмес үшін, көбінеки, қоршау қойылатын. Бұл жерде омарташы ара ұяларына түтіндеткішпен түтін сала отырып, жұмыс істейді. Ағаш діңіндегі ара ұясының саңылауларын балшықпен бітеп тастау үшін омарташы өзімен бірге балшық салынған ыдысты алып жүретін. Өйткені ара ұяларын аюлар бұзып тастайтын, сондықтан омарташылар қақпан қойып, мылтық ұстайтын. Омартаға «көз тимесін» деп жылқының бас сүйегін іліп қоятын. «Омартада» қыс кезінде аралары бар ара үйшіктері тұратын, ал жаз кезінде балды балайдағыштар арқылы ағызып, ағаш қауғаларға құятын. Осы жерде басқа шаруалар да атқарылып, бірқатар омарташылық мүкәмал сақталатын.
Бал – бүкіл отбасын самауыр жанына жинайтын тәтті тағам. Бал қосып, дайындалатын түрлі тағамдар әзірлеп, арнайы ыдыстарда бал сырасын ашытатын. Ара шаруашылығының басқа өнімдерінің арасында балауыз бағалырақ болатын, ол кәрезді балқыту арқылы алынады.
Біздің заманымызда омарташылық ойдағыдай дамуда, бұл салаға заманауи технологиялар, жаңа жабдық пен мүкәмал енгізілуде.
< Prev | Next > |
---|