• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
көрмелер республикалық Маэстро Александр Пархоменконың фотосуреттері. 2016

Маэстро Александр Пархоменконың фотосуреттері. 2016

К 25-летию НезависимостиФото пресс-службы и Алексея Мазницына

Музей-қорықтың «Алтай» галереясында Павлодардағы қазақстандық белгілі фотошебер  Александр Пархоменко еңбектерінің көрмесі ашылды. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Ел мен жер» экспозициясының авторы КСРО-да, ҚР-да және шетелдерде өткен көптеген конкурстар мен көрмелердің лауреаты болып табылады.

Көрмеде назарға   40-қа таяу еңбек ұсынылды, олар «Халықтық дәстүрлер», «Соғыс жаңғырығы», «Баянауыл», «Павлодар көріністері», «Еңбек адамы және оның істері» деген бөлімдерге біріктірілген.

 – Александр Пархоменконың әрбір картинасынан өмір тынысы сезіледі. Шебер дарынының көпқырлылығын баяғыда-ақ классикаға айналған ақ-қара фотолар паш етуде.  Оларда өмірдегідей  – ештеңе қосып-алуға келмейді.  «Соғыс жаңғырығы» циклына біріктірілген еңбектердің ақ-қара гаммада берілуі тегін емес. Ардагерлердің фотолары ғажап және де Жеңіс күніне арналған бір ғана түрлі-түсті фотосурет  бар. Автор талантының көпсалалығын еңбек поэзиясына толы, қуатты өнеркәсіптік өлке – Павлодарға байланысты қамтылған өндіріс тақырыбындағы стоп-кадрлар паш етіп тұрғандай,– деп атап өтті музей-қорық директорының орынбасарыТамара Быкова.

Шебердің  туған жері Павлодар аймағынан түсірген кейбір фотопейзаждары, мысалы, «Баянауыл» сериясын алайық,  импрессионистер картинасын көз алдыңа елестетеді. Осыған қол жеткізуге  қазірде баршаға қолжетімді болған компьютерлік технологиялар көмектеседі. Бұл жерде ең бастысы – не нәрсенің шегін білген жөн, ал мұны А.Пархоменко  жақсы сезінеді.  

Фото пресс-службы и Алексея МазницынаФото пресс-службы и Алексея Мазницына

Сүйікті қаланың әсемдігі панорамалық суреттер арқылы берілген, бұл орайда түнгі Павлодар қиялдағыдай болып көрінеді! 

Соңғы екі жылда А.Пархоменко туындылары бұрынғы достастық елдерінде ғана емес, сондай-ақ  Испанияда, Францияда, Аргентинада және басқа да елдерде  көрмеге қойылды.Ол музей-қорықпен тығыз байланыс орнатқан. Сондай-ақ А.Пархоменко әлемдік фотосуреттің көптеген мэтрлерімен таныс, мұның өзі тамаша сәттерді қалт жібермейтіндердің дербес көрмелерін ойдағыдай ұйымдастыруға септігін тигізіп жүр.

Осының арқасында өскемендіктер мен ШҚО тұрғындары  бір кездері Павлодарға ҚазТагтың арнайы тілшісі ретінде жол тартқан кеңестік-қазақстандық тамаша фотосуретші Николай Кузнецовтің шығармашылығымен, сондай-ақ travel-фото жанрын жете меңгерген, шетелдік әйгілі фотошебер Джанни Форабочидің туындыларымен танысуға мүмкіндік алды.

 

Фото пресс-службы и Алексея МазницынаФото пресс-службы и Алексея Мазницына

Александр өзінің тәжірибесімен бөлісе білетін жомарт жан, жаңадан бастаған фотосуретшілер мен жас дарындарға барынша көмектесіп жүрген ол студияға жетекшілік етеді. Мәселен, Өскемен қаласындағы  № 39 мектептің 8 сынып оқушысы Даша Баженоваға қол ұшын созып, оның өміріндегі тұңғыш дербес көрмесін ұйымдастырды.

 – Көрме кез келген жастағы көрермен үшін аса қызықты және танымдылығы мол іс-шара. Автор ракурс өнерін жетік меңгерген, әсіресе «Соғыс жаңғырығы» циклін атап өткім келеді, - деп пікір білдіріпті өскемендік Александр Бегун.

 

Көрме ай бойы жұмыс істейді.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Фото баспасөз қызметі мен Алексей Мазницындікі

 

Фото пресс-службы и Алексея МазницынаФото пресс-службы и Алексея МазницынаФото пресс-службы и Алексея Мазницына


 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …