Біздің мерекелеріміздің дәстүрлері бойынша біз қысты шығарып салып, жаның мен жүрегіңді жылытатын жас көктемді қуанышты жылы жүзбен қарсы алуымыз керек.
Міне, көптен күткен көктем күндері де келіп жетті, ал олармен бірге біздің сүйікті мерекелеріміз - әйелдердің өзі сияқты сұлу, нәзік, романтикалық 8 наурыз әйелдер мерекесі және өзімен бірге қуанышын, жылылығы мен жайлылығын ала келетін «Наурыз» мерекесі келеді.
Қалыптасқан дәстүр бойынша мереке қарсаңында біздің мұражай-қорықтың көрме залдарында сәндік-қолданбалы өнері бұйымдарының көрмесі ашылады, онда келушілер ШҚО шебер-қолөнершілерінің әр түрлі бұйымдарын: кәдесыйларды, панноларды, қуыршақтарды, әйелдер әшекейлері мен жас шеберлердің шығармашылық жұмыстарын көре алады.
Жыл сайын тұрақты қатысушылармен біз жас қолөнершілер есімдері мен керемет және тартымды, әртүрлі және бір-біріне ұқсамайтын бұйымдарын жарыққа шығарамыз. Әрбір зат өзінше керемет және ғажап. Қайталанып келген бірде-бір бұйым жоқ. Кереметті тудыратын шеберлер өте көп.
Биылғы жылы көрмеге 40 адам қатысып, 300-ден аса жәдігерлерін ұсынды. Қатысушылар түрлі саланың адамдары: мұғалімдер, оқушылар, студенттер және кәсіби суретшілер.
Ф.Б.Хорошилова, Л.А.Юрганова Л.Д.Ильина сияқты шеберлер біздің мұражаймен 1980-ші жылдардан бастап ынтымақтас болып, халықтық материал сабанды пайдалана отырып аппликация техникасында панноларды және түрлі композицияларды жасайды. Олар өз жұмыстарына көп еңбек пен қиялдарын жұмсайды.
Біздің барлық көрмелеріміздің тұрақты қатысушысы, қаламыздың қарт шебері - Т.А.Перетокина. Оның қуыршақтары балалар мен үлкендерге қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. Әр көрме сайын талантты шебер өзінің әдемі қуыршақтары мен ойыншықтарын мұражайға сыйға тартады.
Бірнеше жыл қатарынан қарт шебер Р.Е.Игнатова өзінің жаңа, керемет те әдемі кестеленген жұмыстарын жасап келеді. Оның шығармашылығы көрмеге келушілердің көбін таң қалдырып келеді, шебердің өнеріне көңіл аудармай өткен бірді-бір келуші жоқ.
Жетекшісі Р.Ф.Авдеева болып табылатын украин мәдени орталығының (Достық үйі жанындағы) керемет кестеленген «Чаровница» құлақбасы өте керемет. Олардың бұйымдары (панно, қол орамалдар) тек қана біздің қалада ғана емес сондай-ақ, Астанада, Киевте танымал болып, бірінші орындарды, мадақтауларды, дипломдарды иеленді.
Жас шебер Светлана Лисова мен Елена Явонова шебер И.В.Мартыниннің қайыңның қабығынан және шпоннан (құмыралар, шпонмен көмкерілген, бұйымдар, қобдишалар, кулондар, салпыншақтар) дайындаған керемет бұйымдарын айшықты суретпен өрнектеп тамаша бұйымдар паш етті.
Қ.Нұрғалиев атындағы колледждің сәндік-қолданбалы өнері оқытушылары Р.А.Бобровская мен М.М.Белова да көрмелерге жыл сайын қатысып келеді. Олар флористикалық композицияларын және айшықты суретпен өрнектелген түрлі бұйымдарын ұсынып келеді.
Л.П.Рудакова теріден жасалған бұйымдар коллекциясын ұсынып келеді. Олар: кәдесыйлар, әйелдер әшекейлері.
Шебер С.ГЛыкованың нәзік әзілмен балшықтан жасалған адамдардың мүсіндері мен хайуанаттары біздің экспозициямызды көріктендіре түсті.
Өскемен қаласында орналасқан «Огнеупор» ЖШС шағын кәсіпорыны керамикадан кәдесыйлар өнімдерін дайындайды және үнемі мұражаймен ынтымақтасып, қалалық және облыстық жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысып келеді.
Технология пәнінің оқытушысы А.Н.Рахымбаев (Ұлан ауданы, Молодежный кенті) Е.А.Волкова, В.Т.Рубцова, Л.Б. Ван, «Әжелер алқасы» орталығынан бір топ әйелдер - Ләззат Балғазина, Нұрғаини Садуақасова бірінші рет қатысып, қазақтардың дәстүрлі бұйымдарын (бөстек-орындыққа арналған жапқыш, алаша - еденге жаятын кілем және тағы басқалар) паш етті.
Жас кәсіби шеберлер Раушан Смағұлованың (Өскемен қаласы) және Маржан Орынбаеваның (Семей қаласы) шығармашылық жұмыстары туралы айтпай кету мүмкін емес. Олардың туындылары - кілемше кестелеу техникасындағы тамаша гобелендер және ұлттық сарындағы тоқымашылық аса көркем шеберлікпен және ептілікпен орындалған.
< Prev | Next > |
---|