• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
көрмелер халықаралық Микроскоп астындағы ғажайып. 2014

Микроскоп астындағы ғажайып. 2014

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина2014 жылғы 10 сәуір күні мұражай-қорықтың Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы ғимаратында «Микроскоп астындағы ғажайып» атты новосібір шебері  В.М. Анискинның микроминиатюралар көрмесі ашылды.

Микроминиатюра – таңқаларлық кішкене туындыларды  микроскоп астында жасауды елестететін, өнердің сирек кездесетін түрі. Кейде олар тым кішкене, тіпті оларды құралсыз қарау мүмкін емес. Әрбір жәдігер тек қана қолмен бинокулярлы микроскоптың көмегімен 100 ретке дейінгі сызықтық ұлғайтумен жасалады. Ал ерекше ұсақ жұмыс жүрек қағыстары аралығында орындалады.

Новосібір шебері Владимир Анискинның коллекциясында 140-тан аса  көзге көрінбейтін-жұмыстар бар, олардың әрбіреуі көруге арналған оптикалық жүйемен жабдықталған. Олардың көп бөлігі Шеберлердің Халықаралық Гильдиясы «Русский Левша» Санкт-Петербург микроминиатюра Мұражайында көрсетілді.

Көзге көрінбейтін-жұмыстар көрмесінде жанр классикасы ретінде «Тағаланған бүрге», «Ине көзіндегі түйелер», «Бір тал шаштағы жазу» және өзіндік өте күрделі жұмыстар «Бір тал шаштағы райхан гүлі», «Тозаңнан жасалған меруертгүлдер», «Суворов ордені» және тағы басқалар ұсынылады.

Сонымен қатар, көрермендер назарына шаштың ұшына орналастырылған ең кішкене Матрешка және Жаңажылдық шырша ұсынылады.

Владимир Михайлович Анискин Новосібір қаласында туып-өскен. Новосібір мемлекеттік техникалық университетін (ұшқыш аппараттар факультеті) үздік бітірген. С.А. Христианович атындағы РҒА СБ теориялық және қолданбалы механика Институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Физика-математика ғылымдарының докторы. В.М. Анискинның ғылыми қызметі микроағымдарды зерттеуге, аэродинамика және басқа ғылым облыстары үшін микродатчиктерді әзірлеу мен пайдалануға жұмылдырылған. Микроминиатюрамен 1998 жылдан бастап айналысады.

Көрмелер жүргізу тәжірибесі және көрермендермен қарым-қатынаста болу  көпшілік адамдар үшін микроминиатюралар көрмесі – бұл Ғажайыппен кездесуді көрсетеді. Көрме әсіресе, балаларға ерекше әсер қалдырады. Қиялын таң қалдырған сұлулық пен көркемдікті көрген кішкентай адамның жүрегінде көрген Ғажайыбы туралы естеліктер мәңгі сақталып қалады, және кім біледі бұл қандай жағымды әсер қалдыратынын! А.П. Чехов айтқандай: «Адамды оның мүмкіндіктерімен таң қалдыра алатын зат, осының өзімен-ақ оған анық адамгершілік ықпал жасайды».

Фото Алексея Мазницина

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …