Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Үнді мәдени орталығынан. 2007 жыл, 5 мамыр – 5 маусым, мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша ғимараты.
Бүкіл әлемге әйгілі шығармалар «Махабхарата», «Ригведа», «Бхагаватгита» мен «Джаммапада» шығармаларын, Рабиндранат Тагордың таңдамалы өлеңдерін біздің ақын жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 26 кітаптің авторы Әубәкір Дастанұлы Нілібаев қазақ тіліне аударған болатын. Ұлы үнді эпосы «Махабхаратаны» аударғаны үшін 2004 жылы ол Үндістан Президентінің «Падма Шри» сыйлығының иегері атанды. Барлық шығармалар Үндістан Республикасының Қазақстан Республиксындағы елшілігінің қаржылай қолдауымен жарық көрді.
Осы кітаптар мен сәндік-қолданбалы өнердің тамаша туындылары, үнділердің дәстүрлі киімі, соның ішінде сари – әйелдер киімінің ең көрнекті де көрікті бөлігі, буддизм мен шәйдің пайда болу және даму тарихы туралы фотосуреттер «Үндістанмен кездесу» көрмесінде көрсетілді. Оған 4480 адам келіп, 198 экскурсия өткізілді.
Пікірлер кітабынан: «Көрме бізге өте ұнады. Әсіресе үнді костюмдері мен Үндістан туралы фотосуреттер («Сұлу жігіт») ерекше ұнады. Бұл көрме бізге ұмытылмастай әсер берді. Үнді діні туралы есту қызықты болды. Біздің қалада осындай көрмені өткізгені үшін алғыс білдіреміз. Біз Үндістан туралы көп нәрсе білдік. Сіздерге үлкен рахмет!!! Біз тағы да келеміз».
< Prev | Next > |
---|