• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
көрмелер халықаралық Рабиндранат Тагордың 150 жылдығына арналған іс-шаралар

Рабиндранат Тагордың 150 жылдығына арналған іс-шаралар

2011 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Елшілігі ұсынған. «Рабиндранат Тагор кескіндемесі» (туғанына 150 жыл толуына орай) көрмесі ашылды.

Онда Р.Тагордың цифрлы 45 картинасы ұсынылған.

Бірінші рет өскемендіктерге үндінің ұлы ақыны, философы және ойшылы дарынының жаңа қырларымен танысудың, оның бейнелеу шығармашылығындағы өзіндік ерекше талантын бағалаудың бірегей мүмкіндігі туындап отыр.

67 жасында Тагорда өзін-өэі таныта білудің жаңа үлгісіне деген керемет құштарлық пайда болды. Оның шығармашылығының тағы бір қыры ашылды, енді үндінің ұлы ақыны, философы және кемеңгері суретшіге айналды. Өмірінің соңғы 12 жылындағы шығармашылық күш-жігерін графика мен кескіндемеге арнап, өзінің қаламын біртіндеп ұмыта бастады Тагор артына шамамен екі мыңға жуық бейнелеу өнері туындыларын қалдырды, олар суреттерінің өзгешелігімен және ырғақты әсемдігімен ерекшеленеді. Қылқаламының қолжазба беттеріне тиісімен-ақ еш ойланбастан, сызған жерлерін өрнекке айналдыратындығын байқаған ақын кескіндемеге бет бұрды. «Мен сызықтың тартымдылығына бой алдырдым»,- деді Тагор.

Ұлы шебер ешқандай белгіленген ережелерді ұстанбады. Оның картиналары, күтпеген талпыныстың, өзіндік және идеалистік, сондай-ақ тосыннан болған бай қиялы жемісінің нәтижесі болып табылады. Көрмеге ұсынылған туындылардың ішінде – әйел бейнелерінің сериясы, автопортрет, каллиграфиялық және абстрактылы композициялар мен т.б. бар. Тагор-суретшінің шығармашылығы шынайы және көркем.

ХХ ғасырдағы ұлы кемеңгерлердің бірі өзі туралы: «Менің өмірімнің таңы әнге толы болды; менің күндерімнің батуы бояуларға толы болсын»- деген екен.

 

 



Көрмеден көрініс. 25.05.2011 ж.


Автопортрет

 

 



Әйел


Банан ағашын зерттеу

 

 



Тапатиден картинасының иллюстрациясы


Каллиграфиялық композиция

 

 



Ұшып бара жатқан көгершін


Билеп тұрған қыз

 

Көрме ашылардың алдында «Жастар» этнобағындағы Р.Тагордың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

«Адамзатқа деген сенімді жоғалту – үлкен күнә, мен өзімді мұндай күнәмен былғамаймын. Жолындағыны күйрететін жойқын дауылдан кейін қара бұлттардан арылған аспанда жаңа сәуле: адамға қажырлы қызмет етудің жарық сәулесі жарқырайды. Тарихтың жаңа, былғанбаған беті ашылады. Және бірінші болып, бәлкім, таң шапағы ататын Шығыс дүр сілкінетін болар».Үнлі халқының ұлы перзентінің осы сөздері сәуегейлікпен айтылған.

Тагордың кемеңгерлігін құрмет тұтқан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаының хатшысы Василий Иванович Ахаев пен Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігінің бірінші хатшысы, Үнді мәдениет орталығының директоры Винод Кумар мырза (көрменің ашылуына қарай Астанадан арнайы келген) ескерткішке гүл қойды.

Түрлі елдердің халықтары Тагор шығармаларымен таныс және оларды жақсы көреді. Ұлы ақынның өлеңдері қазақ және ағылшын тілдерінде оқылды.

Іс-шараға келген қонақтар содан кейін мұражай-қорықтың М.Горький, 59 мекенжайдағы ғимаратына бет алды, онда олардың назарына Рабиндранат Тагордың өмірі мен шығармашылығы туралы 15 минуттік деректі фильм ұсынылды.

Көрмені ашу құрметіне Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігінің бірінші хатшысы, Үнді мәдениет орталығының директоры Винод Кумар мырза мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаының хатшысы Василий Иванович Ахаев ие болды.

 

Р.Тагор ескерткішіне гүл шоқтарын қою: Қазақстан Республикасындағы Үндістан Ресаубликасы елшілігінің бірінші хатшысы, елшіліктегі Үнді мәдениет орталығының директоры Винод Кумар мырза мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Василий Иванович Ахаев. 25.05.2011 ж. Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасы елшілігінің бірінші хатшысы, елшіліктегі Үнді мәдениет орталығының директоры Винод Кумар мырза сөз сөйлеп тұр.

 

 

Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасы елшілігінің бірінші хатшысы, елшіліктегі Үнді мәдениет орталығының директоры Винод Кумар мырза сөз сөйлеп тұр. ШҚО мәдениет басқармасының бөлім бастығы Айдар Маратұлы Ибраев сөз сөйлеп тұр

 

 

Мұражай-қорық директорының орынбасары Тамара Николаевна Быкова Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасы елшілігінің бірінші хатшысы, елшіліктегі Үнді мәдениет орталығының директоры Винод Кумар мырзаға Алғыс хат тапсырып тұр ШҚМУ студенті Мәдина Бегешева Тагор өлеңдерін ағылшын тілінде оқып тұр

 

 

ШҚМУ студенті Әлиза Ешәлиева Тагор өлеңдерін қазақ тілінде оқып тұр Республикасында тегін оқуға грант алған ШҚМУ студенді.

 

 

Р.Тагор шығармашылығына арналған фильмді көру, оны Қазақстандағы Үндістан елшілігі берген. Көрменің ашылу кезі. ШҚО мәслихатының хатшысы Василий Иванович Ахаев сөз сөйлеп тұр.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …