ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ СӘУЛЕТ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАБИҒИ-ЛАНДШАФТЫҚ МҰРАЖАй-ҚОРЫҒЫ
«АҚ БАУЫР» ТАРИХИ – АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІ
ЖАДНАМА
Құрметті келушілер!
«Ақ бауыр» табиғи-археологиялық кешенінің аумағындағы табиғи нысандар – топырақ, су көздері, өсімдіктер, жануарлар, құстар, жәндіктер қорғалады, сондықтан мыналарға үзілді-кесілді ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН:
- аумаққа тұрмыстық қалдықтар тастауға, арнайы белгіленген орындардан тыс жерде қоқыс қалдыруға;
- су көздерін лайлауға;
- өсімдіктерді жұлуға және оларға ақтық байлауға;
- фауна өкілдерін үркітуге және ұстауға;
- спиртті ішімдіктер ішуге және көңіл көтеретін сейілдер ұйымдастыруға;
- рұқсатсыз және күзетшінің немесе нұсқаушының (экскурсоводтың) бастап жүруінсіз өз бетімен тауға шығуға;
- кешен аумағында жаяу серуендеу ғана көзделген, аумаққа автокөлікпен кіруге үзілді-кесілді тыйым салынады.
Кешен аумағындағы археология ескерткіштері қорғалатындықтан, мыналарға үзілді-кесілді ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН:
- жартас беттерін қырнауға, тастарды орындарынан қозғауға және қандай да болсын конструкциялар құруға;
- жартастарында суреттері бар үңгірді аралау үшін оған келушілер нұсқаушы немесе күзетші бастап жүретін 5-7 адамнан тұратын шағын топпен кірулері тиіс;
- үңгірдегі және «салт-жоралғылық алаңқайдағы» жартастық суреттерді қолмен ұстап көруге тыйым салынады.
Келушілер осы ережені бұзған жағдайда, ереже бұзушылардың кешен аумағынан қуылуы мүмкін, бұл ретте билет құны қайтарылмайы. Ереже бұзушылық қайталанған жағдайда, осы келушілердің және топтардың кешен аумағына жолауларына тыйым салынатын болады.
ДЕМАЛЫСТАРЫҢЫЗДЫҢ КӨҢІЛДІ ӨТУІНЕ ТІЛЕКТЕСПІЗ!
Мұражай-қорық әкімшілігі
< Prev | Next > |
---|