2009 жылы мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ШҚО-да болған кезекті сапарында Өскемен қаласына бұрынғы даңқын – өзіндік ерекшелігі бар қала атағын қайтару қажет екендігін атап өткен болатын. Сондықтан да қала әкімі Ислам Әбішевтің бастамасымен 2010 жылы облыс орталығында «Қала ішіндегі мүсін» атты халықаралық симпозиум-конкурс өтті.
Халықаралық симпозиум-конкурстардың мақсаты облыс орталығының келбетін мүсіндік туындылар арқылы жақсарту болып табылады. Бұл ретте, конкурс шарты бойынша аяқталған туындылар ұйымдастырушының меншігі болып табылады, ал ол мүсіндерді Өскемен қаласында орнату құқығына ие.
І халықаралық конкурс-симпозиум 2010 жылғы 20 мамыр – 20 шілдеде өткен болатын, оған Қазақстаннан, Германиядан, Грекиядан, Ресейден келген мүсіншілер мен суретшілер қатысты.
«Далалық» және «Сүйіспеншілік» атты екі мүсін симпозимум кезінде мұражай-қорыққа берілді.
«Далалық» мүсіні Гранит Александр Парфенов, Ресей, Барнаул 2010 ж. |
«Қала ішіндегі мүсін» атты ІІ халықаралық конкурс-симпозиум Өскемен қаласында 2011 жылғы 21 маусымда салтанатты түрде ашылды.
«Қала ішіндегі мүсін - 2011» атты ІІ халықаралық конкурс-симпозиумға қатысқандар тізімі:
1. Alessandro Canu – Италия
2. Susheila Margaret Gordon – Шотландия
3. Ignacy Nowodworski – Польша
4. Zheng Jianjun – Қытай
5. Ce Zhang – Қытай
6. Ervim Kilic – Түркия
7. Tobias Ahlhelm – Германия
8. Броун Игорь – Израиль
9. Волошенко Людмила – Израиль
10. Лейкина Наталья – Украина
11. Лампека Микола– Украина
12. Смолер Виктор – Беларусь
13. Копач Виктор – Беларусь
14. Одиссей – Грекия (екінші рет)
15. Парфенов Александр – Ресей (екінші рет)
16. Кульчаев Хамид – Қазақстан (екінші рет)
17. Колмаков Борис – Қазақстан (екінші рет)
ІІ халықаралық конкурс-симпозиумның да бірқатар мүсіндері мұражай-қорыққа берілген болатын. Олар мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Топқайың аллеясынан орын алды.
Самғау Авторы: Одиссей Тосунидис (Грекия) Гранит Идеясы: аспанға ұмтылған қанаттар. Сипап көргің келетін қанат. 2011 ж. |
Жылқы Авторы: Чанг Це (Қытай) Гранит Мүсін қазақтардың ұлттық ойындарының символы іспеттес. 2011 ж. |
< Prev | Next > |
---|