13 сәуірде мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде дәстүрлі корейлік мереке «Ағаш отырғызу күні» өткізілді.
Іс-шараға Шығыс Қазақстандағы корей диаспорасының өкілдері, «Торади» корей ансамблінің мүшелері белсенді қатысты.
Осы бір қонақжай да көңілді халықтың бір де бір мерекесі дәстүрлі музыкасыз, бисіз және дәм татқызусыз өтпейді. Бұл жолы да шараға ұлттық корей киімін киген қатысушылар, жандарына жақын әндерін шырқай жүріп, жөкенің жас көшеттерін отырғызды,олар енді мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі корей қонысын көріктендіретін болады.
Осында, «Торади» ансамблінің жетекшісі Павел Михайлович Цой корей ұлттық аспабы – чангу даңғырасында ойнауды үйренушілерге алғашқы сабақ берді.
< Prev | Next > |
---|