Ұлан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Б.Т.Шакеровтің шақыруымен іс-шараға мұражай-қорықтың сирек кітаптар мен икон жазу бөлімінің қызметкері Кашаку Гүлжан «Қасым Қайсенов (1918-2006). Өмірі мен шығармашылығы (Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының қорынан) атты жылжымалы көрмесімен қатысты.
Жылжымалы көрмеде көрсетілген жәдігерлердің көпшілігі 2005 жылы мұражай-қорық қызметкерлерінің Алматы қаласына барған жазғы экспедициясы барысында Қасым Қайсеновтің мұражай-қорыққа жасаған тартуларынан тұрады. Отставкадағы полковник Қ.Қайсеновтің салтанатты әскери киімін мұражай-қорыққа Тұңғыш Президенттің Мұражайы берген.
Жазушының қолтаңбасы бар кітаптар, мемориалдық заттар, Қ.Қайсеновтің портреттері, олардың ішінде біреуін 2000-2006 жылдары аралығында жеке хатшысы болған Еркін Нұразхан салған, сондай-ақ Қасым Қайсеновтің 2006 жылдың 9 мамырында мұражай-қорықтың «Жастар» этносаябағындағы қазақ жазушылары павильонында ашылған «Атамекенім» экспозициясының ашылуына келгенінде түсірілген фотосуреттері келушілердің қызығушылығын туғызды.
Кент тұрғындары мен қонақтары мұражай-қорық көрмесі бойынша оқылған экскурсияны ықыласпен тындады.
< Prev | Next > |
---|