17 мамырда «Нұр Отан» ХДП-ның мұражай-қорықтағы бастауыш партия ұйымы «Нұр Отан» ХДП Өскемен филиалымен бірлесіп Халықаралық мұражайлар күні мен мұражай-қорықтың 45 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізді.
Кездесуде егеменді мемлекеттің жаңа саяси бағыты – Қазақстан-2050» стратегиясына басты көңіл бөлінді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Жолдауындағы басым бағыттардың бірі - барлық этнос азаматтары құқықтарының теңдігі туралы, мәдениеті, дәстүрлері мен өзіндік ерекшеліктері жайында атап өтілді.
Партияның жаңа мүшелеріне – мұражай-қорықтың 10 қызметкеріне партия билеттері салтанатты түрде тапсырылды.
Бұл іс-шара мұражай-қорық директоры, «Нұр Отан» ХДП мүшесі Николай Алексеевич Зайцевтің туған күнімен сәйкес келді. «Нұр Отан» ХДП Өскемен қалалық филиалы төрағасының орынбасары Жанар Қабидоллақызы Николай Алексеевич Зайцевті туған күнімен құттықтады.
Мұражай-қорықтағы бастауыш партия ұйымының белсенді мүшелері алғыс хаттармен, сыйлықтармен және кәдесыйлармен атап өтілді.
< Prev | Next > |
---|