• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Әзірбайжандардың «Oglan toу» (Охлан тойы) үйленутойылық дәстүрі. 2013

Әзірбайжандардың «Oglan toу» (Охлан тойы) үйленутойылық дәстүрі. 2013

Проводы невесты в дом женихаНевеста разбивает тарелку

Үйлену тойылық жөн-жоралғы – мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешенінің Әзірбайжан қонысында жас жұбайлардың күйеу жігіт үйінде кездесуі

Мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешенінде 2013 жылғы 14 қыркүйекте мұражай-қорық қызметкерлері «Азери» әзірбайжан этномәдени бірлестігімен бірлесіп Әзірбайжан  қонысында іс-шара - «Oglan toу» (Охлан тойы) үйленутойылық ғұрып өткізді.

Қала тұрғындары мен қонақтарына үйлену тойылық дәстүрінен көрініс – жас жұбайлардың күйеу жігіттің үйінде кездесуі көрсетілді. Той өткізу әдет-ғұрпымен таныстыру рәсімі қызды ата-анасының үйінен шығарып салу дәстүрінен басталды. Осы сәттен бастап қалыңдықтың алдағы өмірінде сенімді тірек болатын күйеуімен үзілмейтін байланыстың белгісі ретінде оның беліне  қызыл лента байланған.

Қызға жақын жүретін сенімді әйелдер қалыңдықпен бірге ата-анасының үйінен еріп шығады, олардың бірінің қолында жанып тұрған керосин шам, ал бірінде – айна. Бұл заттар жас қызды көзігуден және жамандықтан қорғайды.

Күйеу жігіттің үйіне жақындағанда қалыңдық күйеуіне адал болуға берілген анттың символикалық белгісі ретінде бос тәлеңкені аяғымен таптап өтті (көзге шөп салған жағдайда осы талеңке сияқты тапталып қалуды білдіреді).

Бұдан кейін қалыңдық күйеу жігітпен бірге қоныстың ауласына енді, олардың соңынан қонақтар кірді. Би басталғанда  жас жұбайлар  міндетті түрде билеулері тиіс, бұл үйде молшылық болсын деген ниетті білдіреді, оларға достары қосылды.

Осыдан соң қонақтар жастарды үйге кіргізіп, оларға сыйлықтар тапсырылды. Қалыңдықтың тізесіне жас бала отырғызып, жұбайлардың үйін бала күлкісі шаттыққа толтырсын деген ниет білдірілді.

Мұражай-қорыққа келген көптеген қонақтар «осындай ерекше тойға» тап болғандарына қуанып, тойдағы әдет-ғұрыптар және үйлену-тойылық жөн-жоралғылардың маңызы мен мәні туралы сұрақ қойып жүрді. Келушілер көз алдарында болып жатқан көріністерді қызығушылықпен тамашалап, тіпті жас жұбайларды құттықтап жатты.

Фото Алексея Мазницина

Фото Алексея МазницинаНовобрачные обязательно должны станцевать, чтобы в доме всегда было изобилиеФото Алексея МазницинаГости проводили новобрачных в дом, где им вручают подаркиФото Алексея Мазницинагости музея-заповедника были приятно удивлены, что им удалось «побывать на необычной свадьбе»

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …