2014 жылғы 20 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығында мұражай-қорық директоры Н.А. Зайцев 2013 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша есеп берді.
Директор өзінің жасаған баяндамасында мұражай-қорықтың 2013 жылы облыстық мәдениет басқармасы бекіткен жоспары негізінде жұмыс істегенін атап өтті, қаржыландыру және материалдық база жағдайындағы қолда бар ресурстар мен қорлар пайдаланылды.
Мұражай-қорық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған жоспарына сәйкес 2013 жылы халыққа көрсетілетін қызметтердің көлемі ұлғайды.
2013 жылы мұражай-қорыққа 257 948 адам келді, мұның өзі жылдық жұмыс жоспарының 141,7 % орындалғанын білдіреді.
1 022 лекция оқылды – 118,6 %
9371 экскурсия (134,5 %), 360 іс-шара (163,6 %) өткізілді
124 көрме (238,5 %) безендірілді
2014 жылдың 1қаңтарына қарағанда мұражай-қорықтың қорын - 61 250 бірлік сақталым құрады.
2013 жылы мұражай-қорықтың қорына - 1 786 бұйым түсті
2014 жылдың 1қаңтарына қарағанда - 10 027 бірлік цифрлендірілді.
12 кітап, тізімдеме, альбом, жолбасшы, бүктеме, кітапша шығарылды, 41 ғылыми және ғылыми-көпшілік мақала жарияланды
2013 жылы мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде «Жібек жолы» саябағы ашылды, оған енетіндер:
- Сәулеттік-көркемдік бейнелер: «Хан сарайы» (Қазақстан), «Раджа сарайы» (Үндістан), «Әмір сарайы» (Орта Азия), «Император сарайы» (Қытай)
- «Каравелла» көрме орталығы
- Лабиринт
- Сарқырамалар каскады
2013 жылы «Көгілдір көлдер» жағажайын абаттандыру аяқталды, Солжағалық кешеннің ескі кіру тобы алып тасталып, жаңасы (мешіт жанында) салынды, шешен мұнарасы жөндеуден өткізілді.
Мыналар салынды:
- жылқы мен есектерге арналған 2 қысқы вольер;
- құстарға (күйкентай мен күркетауықтар) арналған екі вольер.
Аюларға арналған вольер (102 шаршы м.), тұяқты жануарларға және қасқырларға арналған екі вольер (400 кв.м.) бетондалды;
Аюларға арналған вольердің кәріздік жүйесі жөндеуден өткізілді.
Жамбыл атындағы саябақтың аумағына кеспетас төселді.
Есеп беру жиналысында мұражай-қорық директоры қызметкерлерге мына аталымдарда дипломдар мен ақшалай сыйлықтар тапсырды:
- Өз бөлімшесін біліктілікпен және жемісті басқарғаны үшін:
А.А. Яковлевке – орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі; А.Х. Кенжиноваға – күндізгі күзет секторының меңгерушісі; Ю.М. Ачинянцқа – әскери-патриоттық тәрбие секторының меңгерушісі
- Мұражай-қорықты дамыту ісіне адалдығы және айтарлықтай қосқан үлесі үшін:
Л.И. Елизароваға – орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері; П.Н. Сушкоға – сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің аға ғылыми қызметкері; Е.М. Елемисоваға – ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі
- Мұражай-қорық жұмысындағы жоғары көрсеткіштері үшін:
Ю. Павленкоға – экспозициялық-көрме жұмысы секторының меңгерушісі
- Өз ісіндегі мінсіз қызметі және жоғары жетістігі үшін:
Т.В. Давыдоваға – ботаникалық бақ және дендробақ бөлімі секторының меңгерушісі
- меценаттармен белсенді және тиімді жүргізген жұмысы үшін:
Г.Ж. Жүнісоваға – мемлекеттік сатып алу бөлімінің менеджері
- Солжағалық кешеннің жаңа алаңдарын игеруге шығармашылық қырынан келгені және нәтижелі еңбегі үшін:
А. Бочаговқа – ботаникалық бақ және дендробақ бөлімінің меңгерушісі
- Жарқын шығармашылығы және алға қойылған міндеттерді жүзеге асырғаны үшін:
А.И. Коробковқа – ботаникалық бақты көркем безендіру бөлімінің меңгерушісі
- Мұражай-қорықтың техникалық міндеттерін шешудегі нақтылығы, орындаушылығы үшін:
В.Л. Ошкаловқа – мұражай қорын қалпына келтіру бөлімінің меңгерушісі; О.В. Жарликовқа –шаруашылық бөлімі секторының меңгерушісі
Фото Алексея Мазницина
< Prev | Next > |
---|