Мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің «Жібек жолы» саябағында Өскемен қаласы әкімдігі, «Құс жолы» Қайырымдылық қоры және «Казкоммерцбанк» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы, сондай-ақ «Менің қалам үшін» әлеуметтік-хабардар жоба арасындағы әлеуметтік серіктестік туралы Меморандумды жүзеге асыру нәтижесі ретінде «Халықтар достығы – баға жетпес байлық» атты жаңа мүсіндік композиция ашылды.
Ұлттық киім киген екі қыз әлемнің екі бөлігі – Еуропа мен Азия халықтарын көрсетеді, композицияның ортасында бейбітшілік пен келісім символы ретінде – қызғалдақ бейнеленген.
Тұсаукесерге Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко, ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев, Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов қатысты.
< Prev | Next > |
---|