30 сәуірде мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде корейлердің «Ағаш отырғызу күні» мерекесі өткізілді. Кореяда бұл мереке дәстүрлі түрде 5 сәуірде өткізіледі және қайтыс болған ата-бабаларын еске алуға арналады, бірақ Қазақстанның ауа-райы мерекені уақытында өткізуге келмейді.
Іс-шараға «Квансон» Қазақстан-Корей колледжінің оқытушылары мен оқушылары және Шығыс Қазақстанның Корей диаспорасы белсенді түрде қатысты.
Корей бірлестігінің басшысы Юлия Кунсттың айтуы бойынша биылғы жылы колледж студенттерінің өздері корей қонысын жайластыруға белсенді түрде қатысуға ұсыныс білдірген: ағаш көшеттерін, раушан гүлдерін отырғызуға және келешекте көшеттерді күтіп-баптауға, қоныс аумағында тазалықты сақтауға.
< Prev | Next > |
---|