11 шілде күні Поперечный селосында «Уба әуендері» атты экологиялық-этнографиялық-фольклорлық фестиваль болды. Фестиваль ШҚО әкімдігінің, Риддер қаласы әкімдігінің, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының, Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қолдауымен өткізілді.
Фестивальде Ресей федерациясының, Шығыс Қазақстан облысының фольклорлық ансамбльдері өнер көрсетті, РФ мен ШҚО шеберлерінің және қолөнершілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды және өткізілді. Барлық тілек білдірушілер ұлттық ойындарға, сәндік-қолданбалы өнердің шеберлік-дәрістеріне қатысты.
Атқа мініп серуендеуге болатын және экскурсия ұйымдастыратын эко-туризм алаңы жұмыс істеді.
Алексей Мазнициннің фотосуреттері
< Prev | Next > |
---|