Ресейліктер орыстың бейнелеу өнерін көпшілікке таратуда мұражай-қорықтың қосқан үлесін атап өтті. Алматыда өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Мемлекеттік Орыс мұражайының директоры Владимир Гусевтің атынан үш алғыс хат ШҚО мұражай-қорығының ақпаратық-білім беру бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаеваға тапсырылды. Ол ҚР Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының 80 жылдығына орай ұйымдастырылды және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті.
Екі хатта да мұражай-қорықтың директоры Николай Зайцевтің және бөлім ұжымы Олеся Қалиева мен Адина Асылдың атына интерактивті форматта орыстың бейнелеу өнерін алға бастыру мен көпшілікке тарату ісіндегі қызметтері атап өтілді.
Шынар Кәрібаеваға атқарған жұмыстары мен ШҚО-дағы «Орыс музейі: виртуалды филиалы» ақпараттық-білім орталығындағы қызметіне бірнеше жылдар бойы ат салысқаны үшін алғыс хат тапсырылды.
«Музей XXI. Даму стратегиясы» атты конференция жұмысы барысында ШҚО-нан мұражай қызметкері «Қазіргі заманғы кеңістіктегі интерактивті музей» баяндамасымен және таныстыруымен сөз алды. Шығыс Қазақстан мұражай-қорығының базасында сегіз жыл бұрын ашылған виртуалды мұражай жұмысын үлгі ете отырып, Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Орыс мұражайымен, ҚР Тұңғыш Президенті мұражайымен және Еревандағы Арам Хачатурян музейімен ынтымақтастықтағы тәжірибе көрсетілді.
Мұражай-қорықтың ақпараттық-білім бөлімі меңгерушісінің сөз сөйлеуі конференцияға қатысушылар арасында, олардың ішінде Ресейден, Англиядан, Германиядан, Өзбекстаннан, Қазақстаннан және басқа да елдерден келген өкілдер арасында асқан қызығушылық туғызды. Ұсынылған тәжірибені ҚР басқа да мұражайларының енгізуіне арналған ұсыныстар түсті. Баяндама ғылыми форумның қорытындылары жөніндегі материалдар жинағы шыққаннан кейін көпшілікке кеңінен қол жетімді болады.
Сондай-ақ, Шынар Кәрібаеваны желтоқсан айының басында Мәскеуде өтетін қазіргі заманғы кезеңдегі мұражай ісін дамыту үрдістеріне арналған халықаралық аймақаралық конференцияға қатысуға шақырды.
ШҚО мұражай-қорығының баспасөз қызметі
< Prev | Next > |
---|