БАЭ астанасы Абу Дабиде болатын халықаралық көрмеге қатысу үшін Әділбек Нұрмұхамбетовтың кандидатурасын Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының базасында жұмыс жасайтын, шебер мүшесі болып табылатын, ШҚО қолөнершілер орталығы ұсынды.
Әділ: «Мектепте оқып жүрген кезінен бастап ағашқа ою оюмен айналысқанын»-айтты. Ол өз қызығушылығын үлкен өмірге араласқанда да тастамаған. Қарапайым теміржолшыдан Семей қаласындағы жол айрығы бастығына дейін көтерілді.
Халық қолөнершісінің сүйікті материалы – қарағаш, оның ерекше қасиеттері туралы ол бірнеше сағат әңгімелеп бере алады. «Оның әрбір кескені біртұтас және қайталанбас» - деп Әділбек мақтанышпен айта алады. Ол өз бұйымдарын жасау үшін ағаштан басқа жабайы жануарлардың мүйізін де қолданады.
Қолөнершінің ағаштан және сүйектен жасаған ыдыстары көлемімен және бірегейлігімен таң қалдырады, сонымен қатар, барлық халықтық дәстүрлерге сай және қолдануға дайын.
Семей қаласының шебері Ә.Нұрмұхамбетов облыстық және республикалық конкурстар мен көрмелердің жеңімпазы, бірақ, мұндай фестивальге бірінші рет қатысып отыр.
Сондықтан сапарға шығу үшін жұмыстарын мұқият іріктеуде: «Қолөнершілердің осындай мерекесінде біздің облысымызды таныстыруды маған сеніп тапсырғанға мен өте қуаныштымын» - деді ол.
Таяу Шығыс, Орта және Орталық Азия елдерінің қолөнершілері қатысатын Халықаралық фестиваль қатысушылар саны жағынан да, уақыты жағынан да күрделі болмақ. Тек қана Қазақстаннан 50-ге жуық адам барады. Фестиваль 40 күнге созылады – деп хабарлады ШҚО ресурстық қолөнершілер орталығының үйлестірушісі, сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Райса Мұхамеджанова.
Сондай-ақ, барлық шығындар, оның ішінде жол шығыны, үш уақыт тамақ, жатар орын және 100 кг дейінгі паровоз жүгі тегін, оның барлығын шақырып отырған жақ қамтамасыз етеді.
ШҚО мұражай-қорығының бспасөз қызметі
< Prev | Next > |
---|