2015 жылғы 3-4 желтоқсанда Мәскеу қаласындағы Мәскеу Мұражайында мұражайларды техникалық қайта жабдықтау, қазіргі заманғы қоғамда мұражайларды жаңадан айқындау үшін ең жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу мәселелері бойынша – «МҰРАЖАЙ 21 ҒАСЫРДА» мұражай қызметкерлері үшін жыл сайынғы Халықаралық өңіраралық ғылыми-практикалық конференция болды. Қазақстан Республикасы құрамында келесі мұражайлар ұсынылды: ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы Астана қаласы – мұражайлық педагогика орталығының басшысы Р.У. Қазбекова; Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы Өскемен қаласы – ақпараттық-білім бөлімінің меңгерушісі Ш.М. Кәрібаева, баяндама тақырыбы «ҚАЗІРГІ ЗАМАН МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЖҰМЫС ҮРДІСІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ».
Конференция барысында қаралған мәселелер:
- Мұражайлық және көрмелік кеңістікті құрудағы жаңа тенденциялар;
- Интерактивті технологияларды сауатты енгізу: қағидалар, әдістер, мүмкіндіктер;
- Экспозициядағы мультимедиа-деректер;
- Ғаламтордағы мұражайлар және мұражайлардағы ғаламтор;
- Тұрғындар, жастар, балалар арасында мұражайларды жариялау;
- Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мұражайларға жайлы кіруін қамтамасыз ету.
Конференцияның барлық назары мұражайларды техникалық жетілдіру мәселелеріне, кез-келген күрделі материалды аса тиімді етіп беру үшін жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге, экспозициялардың ақпараттық толыққандылығын жақсартуға, жастардың ортасында мұражайларды жария етуге бөлінді.
< Prev | Next > |
---|